Евровидение - 2012
Евровидение-2012 байқауы биыл тұңғыш рет түркі әлемінде, ең ежелгі мәдени қалалардың бірі - Бакуде өтетіні белгілі. Бұл - Еуропа хабар тарату одағына мүше елдердің ішінде Қазақстанға мейлінше жақын қала. Сол себепті биыл байқауды Баку кристалл сарайында журналист немесе қарапайым көрермен ретінде тамашалағым келеді. Ол үшін ғаламторды түгел ақтарып жатырмын. Аккредитация туралы еш жерде жарияланбапты. Баку байқауының ресми сайтында ағылшынша және әзірбайжанша мәліметтер бар. Олардың да арасынан түсінікті мәлімет табу қиын... Сонымен, кім маған көмектесер екен а?
Дарияны түнгі клубта көрген едім... Оны білгенде сұрайтын едім. Бірақ ол точно Евровидение емес. Қазақстан Еуропа хабар тарату одағына мүше болған жоқ. Кезінде "Алтынай Жорабаева мен Евровидениеге қатысқалы жатырмын" деп болмайтын әңгіме таратқан еді. Қазақстанның оған қатысуға құқы жоқ екенін білмеген болуы керек апкеміз.
Бірақ бұл әңгіменің бір жаны бар. Мысалы, Албания, Андорра, Люксембург, Монако елдері қаржы тапшылығына байланысты, Польша Евро-2012-ні откізетін болғандықтан, ал Чехия талай жыл соңғы орын ала бергендіктен, мұны саяси кекетушілік деп есептеп, әншісін жібермейін деп отыр биыл. Дария солардың бірінің атынан немесе басқа бір новичок елдің атынан қатысатын шығар.