Айшықты сөздің астарында не жатыр?

Атұстар – еркек бала.
Атқамінер – әкім.
Айранішер – біркиер, жақсы киім.
Алданыш – (бала) сүйеніш ету.
Айталтақ – ерке, шолжаң.
Әжі қыз – күйеуге шықпаған, жасы асқан қыз.
Боскотен – атқа отыра алмайтын деген сөз.
Босбелбеу – босаң, иекмсіз.
Бойжеткен – кәмелетке толған қыз.
Бозбала – жасөспірім, жігіт болып қалған.
Битін салды – барлық ынтасымен істеді.
Дүниеқоңыз – дүниеқұмар.
Жібі түзу – келісті, жаратылысы жақсы.
Ж.регі жаралы – жақыны қайтыс болды.
Жолдан туған – әкесіз туған.
Гүлі ашылмаған – жас, пәк, таза.
Итжанды – төзімді, берік.
Еті тірі – талапты, іздегіш.
Күмәнді, көжесі бар – екі қабат.
Көзі шыққан – әбден үйренген.
Көзкөрген – бұрынғы адам, әке-шешесін көрген.
Күшік күйеу – қайынатасы қолындағы күйеу.
Көлденең туған – некесіз туған.
Қатынбасшы – қазан-аяққа, әйел ісіне араласатын еркек.
Қоян ағын жеген- көп жүретін адам.
Тірі жетім – әке-шешесінен тірі айырылған бала.
Тышқантірлік – ептеп-септеп өмір сүру.
Тісқаққан – айлакер, кәнігі.
Сужүрек – қорқақ адам.
Сорпасы шықты – терледі, қысылды.
Майқұйрық – жолы құтты бала.
Маубас – ойсыз, аңқау.
Үкі тағылған қыз – айттырылған қыз.

Айшықты сөздердің мағынасына үңілу тілдің қадірін арттырады