Соңғы қоңырауға арналған әндер

Соңғы қоңырау салтанаты есіңізде ме? Қандай ән айтып едіңіздер? Соңғы қоңырау дегенде қандай ән есіңізге түседі? Ал биылғы түлектер қандай ән айтқалы отыр. Мына "Соңғы қоңырауға" арналған әндердің текстін салып отырайық)

Маған мына ән өте ыстық. Кейде көзіме жас келеді)):
1.Іліміңнен нәр алдым,
Сенде өсірдің менде сенің балаңмын.
Білім берген ақ ордам,
Көп қарадым қимай сені барамын.
Қ - сы
Қош бол мектеп алтын ұям ұшып барам мен сеннен,
Қош бол достар қанаттанып самғадық.
Қош бол ұстаз еркелігімді көтерген,
Қош бол мәнгі қайта оралмас балалық.

2.Ақ жол бізге тіледі,
Ұстаздарым қала бердің тағы да
Азық етіп жүремін,
Ақылың мен біліміңді жаныма
Қ - сы

3.Жаңа өмірді бастадық,
Армандарға аттанайық достарым.
Алдымызда сан- соқпақ,
Өшпесінші лаулай берсін оттарың!
Қ - сы