9 мамыр. Бауыржан Момышұлы: "Тіл адам баласының негізгі қаси

9 мамыр. Бауыржан Момышұлы: "Тіл адам баласының негізгі қасиеті"

Бауыржан Момышұлының нақыл сөздері
• Ердің туы – намыс.
• Сен жаудан қашсаң, өмір сенен қашады.
• Ердің Еділ тобығынан келмейді.
• Жаныңнан күдер үзе соғыспасаң,
Жауды күйрете алмайсың
• Ерлік – ердің қасиеті, жүректілік - жігіттің қасиеті.
• Жауды өлтірсең - өлімнен құтылдың,
Өлтірмесең – өлімге тұтылдың.
• Атақ – ерге сауға, олжа – елге сауға, олжа елдікі, оған тимегін.
• Қырағының өзі де, көзі де батыр.
• Ерлік – елеусіз қалмас.
• Именіп жүріп көрген игіліктен, қарсыласып жүріп көрген бейнет артық.
• Арпалысып жүріп алған абырой – өмірдің еш шырын рахаты.
• Ерді ел үшін, жігітті жұрт үшін мақта.
• Ежелден ел тілегі – ер тірегі,
Адал ұл ер боп туса – ел тілегі.
• Екі сырттан қанға батып таласса,
Қарақұсқа жем болады.
• Қой бастаған арыстан тобынан, арыстан бастаған қой тобы артық.
• Командир – аға, солдат – іні.
• Айқаймен ала алмайсың,
Ақылмен, айламен алғын.
• Жан аямай тиіскеннен жау жалт бере жөнеледі.
• Айбындана шапқаннан ажал да сескенеді.
• Екі сөзді – ер емес, серт – ер серігі.
• Ту сыртыңнан түсірген дұшпанды торға түсір,
Өршеленген жаудың үнін өшір.