Пакьяо өз отандасын қандай жазадан арашалап қалды?

WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы филиппиндік боксшы Мэнни Пакьяо, өзінің отандасы Мэри Джейн Велозуды ажалдан арашалап қалды.

2010 жылы 2.6 келі героинмен ұсталған Мэри, есірткі тасымалдағаны үшін қамауға алынған болатын. Филиппин соты өлім жазасына кескен. Мэнни Пакьяо Индонезия президенті Джоко Видодоға филиппин азаматшасына кешірім беруін өтініп хат жазған. Кәсіпқой боксшының өтінішіне құлақасқан басшылық, ары қарай сот процессінің жалғасатындығын мәлімдеген.

Естеріңізге сала кетейік, Мэнни Пакьяо 2-ші мамыр күні Лас-Вегастың MGM Grand аренасында әлемнің үздік боксшысы Флойд Мейвезермен жұдырықтасатын болады. Бұл кездесуді мамандар ғасыр жекпе-жегіне теңеп отыр.
Сурет: gbtimes.com