Қара өріктің пайдалы қасиетін білесіз бе?

Қара өріктің пайдалы қасиетін білесіз бе?

Егер сіз тәттіге құмар болсаңыз, оның орнын басатын кептірілген жемістер барын ұмытпаңыз. Диета ұстаған адамның ас мәзіріне кептірілген жемістер ауадай қажет. Өйткені, кептірілген жемістерде табиғи микроэлементтер мен дәрумендер мол. Ал кептірілген жемістерді арықтау үшін қолдануға болатынын білесіз бе? Кептірілген жемістердің құрамында қант бар әрі калориялы. Бірақ, күніне аз-кем кептірілген жеміс жеу арқылы сіздің қарныңыз ашпайды.

Кептірілген жемістердің қандай ерекшелігі бар?

Ең алдымен, аталған жемістерде бояғыш болмайтынын айту керек. Адам денсаулығына зиянды химиялық қоспалар мен өзге де заттарды (тек арықтауға ғана арналмаған) кептірілген жемістің құрамынан көрмейсіз. Сондай-ақ, сахарозаның да көлемі көп емес, керісінше глюкоза мен фруктоза мол. Тағы бір қызығы, жеміс кепкен сайын оның құрамында глюкоза мен фруктоза көбейе береді. Сонымен қатар, кепкен жемісте дәрумендер мен микроэлементтердің тұтастай сақталатынын ұмытпаған жөн.