9 мамыр. Соғыстан қайтпаған солдаттың хаты
9 мамыр. Соғыстан қайтпаған солдаттың хаты
Бұл хатты Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Тарғап ауылының тұрғыны Қали Омаров есімді майдангер жазған болатын. Бірақ, ол соғыстан қайтпады. Сол сұрапыл соғыста ауылына, еліне деген сағынышын осы хат арқылы жеткізген. Ауылға хат келгенде ауыл адамдары жиналып келген хаттарды оқитын болған. Көзі ашық біреу хатты оқып шығады. Міне, сондай хаттың бірі осы еді. Сол кезде апам Қатыш Әбдірахманқызы жаттап алған екен. Кейіннен соғыс аяқталып, бірнеше жыл өткеннен кейін жадында сақталып қалған шумақтарын келіні Медеуова Айнашқа айтып, қағазға жазып алып қалуын өтінеді. Апамыз бүгінде о дүниелік болған, дегенмен өтініші бойынша бұл хатты жариялауды жөн көріп отырмыз... Толығырақ: http://massaget.kz/arnayyi_jobalar/9_mamyir_2015/27636/