Қыша (Sinapis) [1]— крестгүлділер тұқымдасына жататын даражарнақты шөптесін өсімдіктердің бір туысы. Қыша тұқымынан 35-47%-ке дейін май шығатын өсімдік. Кейбіреулерінің тұқымынан медицинада қолданылатын дәрі жасалады. Қышаның бірнеше түрі бар, олар:
Ақ қыша (Sinapis alba) — бұрынғы КСРО-ның Орта және Оңтүстік алқаптарының егінжайларында арамшөп ретінде өсетін бір жылдық өсімдік, июнь-июль айларында гүлдейді; көк күйінде малға азық жасау үшін және тұқымынан май, ұн алу үшін егіледі.
Улы қыша (Sinapis arvensis немесе Brassica sinapistrum] — мұның сабағының ұзындығы 10-100 см, май айында гүлдеп, июньде тұқымы піседі; егінжайдың, бау-бақшаның арасында өсетін арамшөп. Бұрынғы КСРО-ның барлық жерінде өседі; улы қышаның тұқымы мен жапырағының құрамында қыша майы, синигрин дейтін глюкозид бар; мирозиназа дейтін фермент синигринді бөлшектеп глюкоза, калий бисульфаты және аллилдік қыша майы деген заттарға айырады, бұлардың ең соңғысы теріге тисе күйдіріп жіберетін улы зат. Улы қышаны гүлдеместен бұрын қой, сиыр және шошқа жейді, ал гүлдегеннен соң және онан кейін жеген мал уланады; улы қышаның тұқымында 30%-ке дейін майы болады, мұны тамаққа, сабын жасауға пайдаланады;
Көгілдір қыша (Brassica juncea) — балауыз жұғынының салдарынан сабағы көгілдір болып өсетін шөптесін өсімдік, тұқымы қара көк, қуаңшылық пен аязға төзімді; вегетациялық дәуірі 75—140 күн. Көгілдір қыша көбінесе Төменгі Поволжьеде, ішінара Ставрополь өлкесінде, Орта Поволжьеде, Қазақстанда егіледі. Бұрынғы КСРО-да егілетін майлы өсімдіктердің ішінде жер көлемі жағынан бұл үшінші орын алады. Тұқымының құрамында 35-47% майы бар, мұны тамаққа және техникада қолданады, мұнымен қатар онда синигрин дейтін глюкозид және мирозиназа дейтін фермент бар. Көгілдір қышаның медицинада мәні үлкен.