Златан АҚШ елшілігіне құжат тапсырды

Француздық «ПСЖ» футбол клубының шабуылшысы Златан Ибрагимович, Париж қаласындағы АҚШ елшілігіне имигранттық визаға құжат өткізді.

Златанның «ПСЖ» командасымен жасаған келісімі 2016 жылға дейін белгіленген. 33 жастағы швед, келесі маусымды Американың футбол клубтарының бірінде жалғастыруы мүмкін.

Естеріңізге сала кетсек, соңғы уақыттарда француздық клуб пен Ибрагимовичтің арасында түрлі дау-дамайлар туындап жүр. Келісімі аяқталып қалған Златан, ары қарай клуб басшыларымен жұмыс істеуден көңілі қалған болар. Бірақ шабуылшының нақты Америка премьер лигасына, болмаса еуропаның мықты бір футбол командасына ауысуын уақыт көрсетеді.