Ресей жанкүйерлері жаға жыртысты
Ресей премьер лигасының 21-ші турының ойындары қарсаңында қақтығыс орын алды. Мәскеулік «Торпедо» футбол клубы мен, тульдік «Арсенал» арасындағы ойынның 32-ші минутында жанкүйерлердің жаға жыртысуымен, төреші ойынды тоқтатуға мәжбүр болды. Қос команданың фанаттары бірін-бірі аяусыз соққыға алды. Аталған қақтығысқа полиция қызметкерлері араласып, бірқатар жанкүйерлерді ұстап, төбелес соңына нүкте қоя білді.
Араға азғантай уақыт салып қос команданың арасындағы ойын қайта жалғасын тапты. Алаң қожайындарының сапынан көзге түскен Артур Малоянның соққан голы еш нәтиже бере алмады. Есеп 1-3