Сары май — 250 гр.
Шекер — 1 стақан
Жұмыртқа — 4 дана
Ванилин — 3 гр.
Картоп крахмал — 3 асқасық
Ұн — 2,5 стақан
Қопсытқыш (разрыхлитель) — 10гр.
Сүт — 1 стақан + 2 — 3 асқасық
Какао — 2 асқасық
Шекер ұнтағы (сахарная пудра)
1. Жұмсақ майға шекер салып, миксермен араластырамыз. Шетінен жұмыртқаларымызды біртіндеп сала береміз. Крахмал, ванилин, қопсытқышты салып, миксермен араластырамыз. Қоюлау қамыр шығады, сол қамырға сүтімізді құйып, тағы да араластырамыз.
2. Дайын қамырды 2 — ге бөлеміз. Бір бөлігіне какао салып, 2-3 асқасық сүт құйып жіберіп араластырамыз. Силикон қалыпты майлап, астына қамырдың ақ түрін құйып, оның үстіне какао қосылған қамырдың барлығын құйып, ең соңынан ақ қамырдың қалған бөлігін үстіне құйып, тіс шұқығышпен жүргізіп шығамыз. Ол ақ пен қара қамырдың араласуына көмекші болады.
3. 180 дәрежеде 1 сағаттай пісіреміз. Пісіп — піспегенін білу үшін, тіс-шұқығыш тығып көреміз. Оны табаға аудармас бұрын, артық жерлерін кесіп тастаймыз. Кекс піскеннен кейін, салқындағанын күтіп, кесіп, үстіне шекер ұнтағын сеуіп, ұсынамыз.
ҚҰРАМЫ: