Атам Орынбаев Асан айтып берген мақал-мәтелдер
1. Ағайынның арасын майын мінген ат айырады, Жекжат-жұрағат арасын оқымаған бата айырады.
2. Ата-ана қартайса, баласына ереді, Түйе қартайса, ботасына ереді.
3. Түйенің үлкені көпірде таяқ жейді.
4. Қасқырды қанша бақсаң да, тоғайға қарап ұлиды.
5. Өзіңнің балаң өзекке тепсең де кетпейді, Кісінің баласы кісендесең де тұрмайды.
6. Қартаң қошқар қой бұзады, Дүмше молда дін бұзады.
7. Өзіңе өзің мықты бол, қоңсыңды ұры тұтпа.
8. Үйім өзімдікі деме, үй сыртында кісі бар.
9. Қамысты босқа ұстама, қолыңды кеседі.
10. Жапалақ тамағын басып жейді, Ақсұңқар төңірекке шашып жейді.
2. Көңілдегі көрікті ой ауыздан шығарда өңі қашады.
3. Тоғыз қабат торқадан тоқтышақтың терісі артық.
4. Жұмыртқадан жүн қырыққан.
5. Биттің қабығынан биялай тіккен.
6. Жылтырап тесік моншақ жерде қалмас.
7. Уайым түбі - у, батасың да кетесің.