Хо Ен Сэн / Heo Young Saeng

Хо Ен Сэн / Heo Young Saeng - әнші, биші, диджей, актер, модель. Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласы, Кёнгидо елді мекенінде 1986 жылы туған. Баскетбол, пианинода ойнап, ән тыңдағанды ұнатады. Hyundai орта мектебін "ақпараттық технология" мамандығы бойынша бітірген. Өнер жолына 2005 жылы қадам басқан. "Бағалы бірдеңеге жетудің орнына өзімде бар нәрсені бағалаймын" деп есептейтін Хо Ен Сэн театрда ойнап, ТВ бағдарламаларын жүргізеді. "Мен үздіксіз алға ұмтылып, айналама бұрылып қарамастан, өз-өзімді барынша дамытатын боламын" деген сөзді өмірлік ұстанымы ететін атақты әртіс - SS501 тобының жетекші вокалисі болған.
Кімге ұнайды? :)