Сәлем, бейтаныс жан! / Hello Stranger!
Тайландтан Оңтүстік Кореяға саяхаттап шыққан қыз бен жігіт өзге елде кездейсоқ кезігіп қалады. Бірге саяхаттап, сыр бөлісіп, қызықты күндерді бастан өткереді. Екеуі бір-бірінің есімін білмеуді ұйғарады. Қызды жігіті, жігітті 8 жыл кездескен қызы тастап кеткендіктен, жаралы жүректеріне жұбаныш іздеген екеуі кенет бір сезім ұшқыны пайда болғанын сезеді.
Бұл сезімнің не екенін әзірге түсіну қиын. Себебі екеуі бірнеше күн бұрын ғана кездескен. Махаббат деп кесіп айтуға болмайды. Әлде расымен махаббат сезімі болғаны ма?
Бақытты күндерді бастан өткерген екеуінің арасы кенет алшақтайды. Себебі жігіттің 8 жыл кездескен қызы жігітке қайтып оралып, Тайландқа іздеп келеді...
Комедия мен романтика араласқан фильм бірде күлдірсе, бірде жылатады. Бұл фильмнің ерекшелігі - шынайылыққа өте жақын. Шынымен де өмірде осындай жағдайлар жиі кездесіп жатады. Тек махаббатқа адал болсаң, шын махаббат сені ешқашан тастап кетпейді.
Рейтингі жоғары тайландтық үздік фильмдердің бірі "Сәлем, бейтаныс жан" бірнеше тілге аударылған. Ендеше біз де қазақша субтитрмен ұсынып отырмыз!