Галстукты дұрыс тағудың әдебі

Киім киюден сауатты болу үшін арнайы білімнің қажеті жоқ. Тек оның сақталуы тиіс қағидасы мен ережесін білсеңіздер болғаны. Төменде галстукты тағу жолдары мен сол туралы барлық мәлімет түгелімен қарастырылған. Бұдан кейін сіздердің киімге деген көзқарастарыңыз толығымен өзгереді деген сенімдеміз.

1. Маусымдық галстуктар

Қыс пен жаз мезгілінде киетін галстуктар мата қалыңдығы мен оның түр-тұлпатына қарай ажыратылады. Галстуктың матасы неғұрлым қалың болса, соғұрлым қыс мезгіліне сай бола түседі. Сонымен қатар, егер сіз матасы жұқа галстукты қыстық костюммен киетін болсаңыз, көзге бірден оғаш көрінесіз. Онымен қоса күз бен қыс маусымының галстуктары жаз маусымы галстугынан өзінің ұстамды түсімен ерекшеленеді. Себебі жаздық маусым галстугының түсі ашық әрі көзге бірден байқалады.

2. Галстуктың классикалық бейнесі



Майда бұршақ. Галстуктың бұршағы қаншалықты майда немесе ашық болған сайын, онымен қоса фоны күңгірт түсті болса, ол ресми көрінетін болады.

Фуляр. Фуляр – бір түстегі ұсақ, жиі-жиі қайталанған геометриялық сурет. Мұндай типтегі галстук ресми және іскерлік іс-шараға бірдей жүреді.

Диагоналды сызық. Классикалық үлгідегі галстук. Ол кез келген мерекелік іс-шараға жарасымды.

Пейсли (немесе түрік қияры). Пейсли – үлкен көлемдегі бейнесі бар галстук. Ол клубтық ойын-сауық кешіне арналған.

Тор. Тор галстук көбіне бейресми кездесулерге лайықты.

Галстукты киген кезде оның суреті мен түсі барлық маусымды анықтап береді. Сол себептен гастук таңдайтын кезде ресми немесе ұстамды ортада бір түстегі немесе өте аз мөлшердегі көзге түсе қоймайтын өрнекті галстукты таңдаған дұрыс.

4. Галстук түсі



Қызыл. Қызыл түс күш қуат пен өзіне деген сенімділікті білдіреді. Сондықтан да қызыл түсті галстук адамның біліктілігі мен қуаттылығын көрсетеді.

Күңгірт – қою қызыл. Молшылық пен биліктің түсі. Егер сіз бөгде біреуді өзіңізге сыйлы көз қараспен қарасын десеңіз осы түсті пайдаланасыз.

Қызғылт. Кейіпке нәзіктік пен ақкөңілділік сыйлайды. Сонымен қатар ашық қызғылт түс адамның жеңіл мінезді екенін айшықтайды. Сол себептен іскерлік кездесуде мұндай түстен қашқан жөн.

Сарғылт. Энергияны, өмірге деген құштарлықты және оптимизмді айқындайды. Галстуктың мұндай түрі бейресми кездесулерге жақсы. Мұны жирен шашты жігіттерге киген дұрыс.

Қоңыр. Адамға сенімділік пен жайлылық шақыратын жұмсақ түс. Бірақ кей сәтте қоңыр түс көп нәрсені асыра сілтейтіндігін көрсетеді.

Күңгірт – жасыл. Жігерлі ортаны қалыптастырады. Бұл адамды тыныштандырады. Күңгірт-жасыл түсті дискуссияға түсетін кезде кию керек.

Жасыл. Білімді, ғылымды, еңбекқорлықты бейнелейді. Егер сіз өзіңізді ақжарқын, мейрімді тұлға ретінде көрсеткіңіз келсе, онда бұл түс сіздің түсіңіз.

Күлгін. Адамды құпиялы етіп жасайды. Күңгірт-күлгін түс дарашылдық пен көкіректікті білдіреді. Ашық күлгін – меланхоликтың түсі.

Көк. Мұндай түс адамның жан тыныштығы мен бейбітшілігін білдіреді. Осы түсті пайдаланатын адам өзіне сенімді, бір қалыпты және жинақы болады. Күңгірт-көк түсті галстук – тұрақтылық пен даңқтылықтың белгісі. Ал ашық-көк түсті галстук болса, қиялға толы азаматты ұқтырады.

Сұр. Ашық-сұр түс адамның іш пыстырғыш пен меланхолик екенін байқатады. Сұр түсті галстукты киген адам салмақты, ибалы және өзіне сенімсіз.

5. Галстукты кию ережесі



Галстук жуандығы. Галстуктың жуандығы пиджактың жағасына байланысты таңдалады. Классикалық галстуктың ең жуан бөлігі шамамен 10-11 сантиметр болады. Ал жіңішке галстук болса, қынама бел көйлекпен немесе жағасы жіңішке пиджакпен киіледі. Галстуктың жуан бөлігі белдегі белдіктің тоғасына дейін жетуі керек. Және ол оны 1 сантиметрдей жауып тұруы тиіс. Галсуктың жіңішке бөлігі мойында салбырап тұрмауы қажет. Ол галстуктың артындағы арнайы бекіткішке салынып тұрады.

Галстук түйіні. Гастук түйінін гастуктың қалыңдығы мен мығымдығына сәйкес байланады. Мысалы, жіңішге галстукқа «Жартывиндзор», ал мығым матадан тігілген жуан галстукқа «Виндзор» түйіні әдемі жарасатын болады.

5. Галстукқа арналған қысқышты қалай дұрыс тағу керек?



Галстук қысқышы маусымға байланысты бірде сәнде болады, кейде боламайды. Әйткенменде, қысқышты галстукқа дұрыс қыстырудың ережесі бар. Ол үстіңіздегі көйлектің үшінші мен төртінші түймесінің ортасында болуы керек. Кейбір жігіттер галстукты бекіту үшін қыстырады. Ол дұрыс емес. Қысқыш галстукты көйлекпен бірге қысып ұстап тұру үшін қажет. Тағы ескеретін нәрсе, жіңішке қысқышты жұқа галстукпен киюге болмайды.

6. Гасткуты қандай көйлекпен кию керек?



• Ашық бір түстес галстукты ашық түсті көйлекпен киеді.

• Жібек матадан тігілген, жарқыраған бейнелі түсті галстукты жаз маусымында ашық түстегі костюммен киеді.

• Мығым және жүн матадан жасалған галстукты қыс маусымында жылы ауа-райына тағады.

• Бір түстес галстук сызық немесе тор көйлекпен әдемі үйлеседі. Сонымен қатар галстук сызығының түсі көйлек түсімен сәйкес келуі тиіс.

• Тор галстук. Мұндай галстукты тор көйлекпен киюге жақсы. Алайда, ондай жағдайда көйлектің немесе галстуктың түсі айқын көрініп тұруы шарт. Бұл бұзылмайтын қағида.

• Әртүрлі жағал, гүлді суреті бар галстук бір түстес көйлекпен киіледі.

• Түсі күңгірт майда суреті бар галстукты күнделікті өмірде кигенге болады.

• Ашық, домалақ суреті бар галстук өнер саласында жүрген, сауық кештеріне көп баратын адамдарға киюге лайықты.