Жазғы демалысты жоспарлап жүрсіз бе?
Биыл жазда құрбым екеуміз Евротур қызметін пайдаланып, Еуропа елдерін бір аралап қайтуды жоспарлап отырмыз. Болмаса, өзіміздің Бурабайға жол тартсақ па дейміз.
Ал сіз жазғы демалысты қайда өткізгіңіз келеді? Демалысқа байланысты қандай жоспар құрып жүрсіз?
Иә, 10 күн тым аз. Ойланып көру керек. Расында да, бірнеше мемлекеттерден гөрі, бір мемлекетті я қаланы толық қарап шығу жақсырақ сияқты
бір мемлекетке барып енді ыңғайланып жан-жағыңа қарай бастағанда келесі мемлекетке кетуің керек болып тұрады ))) бірақ реті келіп тұрғанда ел көріп жер көргенге не жетсін әрине )))
алла қаласа осы жазда Алакөлге барып демаламын деген жоспар бар, ауыл жаққа бармағалы да біраз болыпты...
Алакөлге барғым келеді. Бір барып көрмеппін. Суы шипа, табиғаты тартымды екенін барған кісілер айтып жатады. Қатты қызығамын.
Мен де
әрине, Түркияда көретін жерлер көп қой
Бірақ енді экзотка қуғандар үшін не болмаса антик заманынан қалған үйінділерді көрушілерге арналмаған енді Түркия ))) Жәй қыдырып, шомылып деген сияқты ғой....
әрине, Түркияда көретін жерлер көп қой
Бірақ енді экзотка қуғандар үшін не болмаса антик заманынан қалған үйінділерді көрушілерге арналмаған енді Түркия ))) Жәй қыдырып, шомылып деген сияқты ғой....
Демалғысы келетін адам, қалай болса да демалады ғой