Әр елдің астаналарының аттары қандай мағына береді?
Мысалы, "Рим" сөзі этрусктер тіліндегі "rhome" сөзінен шыққан деп есептейді. Біздің тілімізге аударғандағы мағынасы "күш" немесе "өзен" екен. Екінші бір деректерде қала атауы "желін" дегенді білдіретін "rum" сөзінен пайда болған деген тұжырым айтылады. Бұл қала негізін қалаған Ромул мен Ремді асыраған қаншықтың желініне байланысты. Үшінші бір нұсқада Рим Эней атты мифтік патшаның Рома деген қызының құрметіне қойылған деп айтылады. Париж, Мадрид деген атаулардың да мағынасын білгім келеді, білетіндеріңізді жаза отырыңыздар