Қазақстандағы ауылдар
Достар, кейде қонаққа, кейде тойға, кейде саяхатпен Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі ауылдарды көріп жатамыз. Олар бір-біріне ұқсамайды, әр түрлі ерекшеліктерімен таңғалдырады. Ондай ауылдарды бірнеше жыл бойы аңыз етіп айтып жүреміз. Мысалы мен былтыр Өскемен жақтағы Күршім ауданындағы Ақши деген ауылда қонақта, яғни тойға бардым. Ол ауылдың қызықтарын әлі айтып жүрмін. Адамдарын да) Бәрінен де жолдарын, масаларын айтыңызшы) Ауылдағы мектепте 50-60 шақты ғана оқушы оқиды екен. Осы секілді қандай ауылдарды білесіз, өз елімізді бір-бірімізге таныстыра отырайық)