С.Жүнісовтің «Ажар мен ажал» драмасы:дәстүр мен сабақтастық

С.Жүнісовтің «Ажар мен ажал» драмасы:дәстүр мен сабақтастық

Жүнісов Сәкен Нұрмақұлы (1.2.1934 жылы туған, Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылту ауданы, Қызылту ауылы) – Қазақстанның халық жазушысы (1996).


Қазақстанның халық жазушысы (1996). ҚазҰУ-ін бітірген (1957). "Пионер" (қазіргі "Ақжелкен") журналында (1957 - 59), Қазақ драма театрында (1960 - 64) әдебиет бөлімінің меңгерушісі, Қостанай педагогикалық институттында оқытушы (1964), "Қазақ әдебиеті" газетінде бөлім меңгерушісі (1964-68), КСРО Әдеби қоры Қазақ бөлімшесінің директоры, Қазақстан жазушылар одағының хатшысы (1988-92) қызметтерін атқарған. "Аманай мен Заманай" романы (1987) бойынша "Заманай" атты көркем фильмі түсірілді. Жүнісовтің "Ажар мен ажал" (1967), "Тұтқындар" (1972), "Жаралы гүлдер" (1973), "Қызым, саған айтам" (1973), "Қос анар" (1974), "Әр үйдің еркесі" (1975), "Қысылғаннан қыз болдық" (1976), "Кроссворд" (1981), "Елім-ай", "Сабалақ Абылай", "Сәукеле", тағы басқа пьесалары республикалық және облысы театрлар сахналарында қойылған. Жүнісов - әдебиет пен театрдың келелі мәселелерін қозғаған жүзге жуық зерттеулер мен сын мақалалардың авторы. Л.Толстойдың, П.Федоровтың, В.Кочетовтың, С.Цвейгтің шығармаларын, О.Гончардың "Перекоп", "Көк адыр" романдарын тағы басқа қазақ тіліне аударған. Көптеген шығармалары шет ел тілдеріне аударылған. Қазақстан Мемлекеттік сыйлыған иегері (1986)