Ғұмырнамалық драмағы дәстүр тағлымы

Ғүмырнамалық драмағы дәстүр тағлымы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Драма– (гр. dramo — әрекет) —
1) әдебиеттің эпос, лирика сынды үш тегінің бірі (Әдебиеттің тегі мен түрі). Драмада оқиға тартыс, не тартыстар желісіне жинақталып, кейіпкерлер әрекеті арқылы дамиды. Драмалық шығарма театрға арналып жазылады да, сахнада нағыз көркемдік қуатына ие болады. Драма бастапқы кезде хор, диалог, би, айтыс, пантомимомен аралас болып, синтетикалық өнер саласы ретінде дамыған. Кейін драма сөз өнерінің жеке тегі ретінде дараланды, оның трагедия, драма, комедия, мистерия, миракль, моралите, мелодрама, фарс, водевиль, трагикомедия, т.б. жанрлары қалыптасты. Классикалық драманың алғашқы үлгілері ежелгі Грекияда пайда болып, Эсхил, Софокл, Еврипид трагедиялары мен Аристофанның комедияларында жоғары көркемдік биікке көтерілді. Драма орта ғасырда аллегориялық бағыттағы мистерия, миракль, моралите түрінде дамыды. Еуропада драма Қайта өрлеу дәуірінде Англия (К.Марло, У.Шекспир) мен Испанияда (Лопе де Вега, П.Кальдерон) дамудың шырқау биігіне жетті. 17 ғасырда Батыс Еуропада классицизмдік драматургия үстем болды. 19 — 20 ғасырларда драма табиғатында лирикалық (Джордж Байрон, Александр Александрович Блок, Ғ.Мүсірепов, т.б. лирикалық драмалары), “деректі” (Дж.Килти, М.Шатров, М.Әуезов, т.б.) көркемдік элементтердің көрініс табуы арқылы арнасы кеңейді.