Наурызды кім қалай тойлады?

Қыздар-жігіттер, Наурызды кім қалай тойлады? Демалыста немен айналыстыңыздар? Қандай сыйлық алып, қандай жаңа тағам жедіңіздер?

Мен үшін мереке деген ұғым ауылға, ата-анама бару деген ұғыммен пара-пар) сол үшін ғана жақсы көремін. Үйде тамақ ішіп, ұйықтап жаттым) Сосын биыл ауылдың Наурызын біздің үйде өткіздік, өте қызық болды, 4 жылдан бері көрмеген адамдарды көрдік, түрлі ойындар ойнатып, молынан етіп дастарқан жасадық, алтыбақан тептік, керемет Наурыз болды) жаңа тағамдар жасауды үйрендім)