Қазіргі драмадағы шығыстық сарындар
Қазіргі драмадағы шығыстық сарындар
Драматургия (гр. dramaturgіa) — қандай да бір халықтың немесе жазушының белгілі бір дәуір мен кезеңдегі драмалық шығармаларының жиынтығы. Драматургия шығармалардың алғашқы үлгілері Ежелгі Грекияда діни дәстүрлерден (Дионис құдайға табынудан) басталған. Олардың сюжетінің негізін құдайлар мен мифтік кейіпкерлер құрады. Ежелгі гректер драматургиясы құдайлардың әділеттілігі мен әлемдік тәртіп туралы ой толғады (Эсхил), адамның құқығы мен оны қайғы-қасіретке душар ететін жағдайларға қарсы наразылықты бейнелеп көрсетті (Софокл, Еврипид), адамдардың кемшіліктері мен кемістіктеріне, олардың бір-бірімен қарым-қатынастарына күліп, діни табынушылықтарына күмәнмен қарады (Аристофан, б.з.б. 445 — 385). Осылайша драматургияның комедия және трагедия жанрлары туды.