Төлен Әбдік (04.09.1942 ж., “Еңбек” ауылы, Жангелдин ауданы, Қостанай облысы) — жазушы, драматург, қоғам қайраткері.
Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1965). “Қазақстан пионері” (қазіргі “Ұлан”) газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, “Жалын” альманағында бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, 1977 — 79 жылы “Қазақфильм” киностудиясының бас редакторы, Қазақстан КП ОК-інде нұсқаушы, сектор меңгерушісі, онан кейінгі кездері “Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы, Қазақстан жазушылар одағына 2-хатшысы болды. 1994 ж. ҚР Президентінің көмекшісі болып тағайындалды. 1997 жылдан ҚР Президенті аппаратында ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары. Төлен Әбдіковтің "Райхан" атты тұңғыш әңгімесі жас жазушылардың “Таңғы шық” әңгімелер жинағында (1964) жарияланды.[1] Сонан бергі кезеңде “Көкжиек” (1969), “Күзгі жапырақтар” (1971), “Ақиқат” (1974), “Айтылмаған ақиқат” (1980) атты әңгімелер мен повестер жинақтары, Қазақстандағы ұжымдастыру науқанының қасіретін суреттеуге арналған “Өліара” (1985), “Ақшоқыда қыс қатты” (1987) романдары, таңдамалы шығармаларының бір томдығы жарық көрді. “Біз үшеу едік” атты драма шығармасы Ғ.Мүсірепов атындағы Жастар және жасөспірімдер театрында қойылды. “Ақиқат” атты кітабы орыс тіліне (1981), жекелеген әңгіме, повестері украин, өзбек, қырғыз тілдеріне тәржімаланды. Әбдіков шығармалары адам мінезінің құпия сырларына үңілуі, өмірдің мән-мағынасына философия тұрғыдан қарауымен ерекшеленеді.