С.Шаймерденовтің «Инеш» романы

С.Шаймерденовтің «Инеш» романы

Шаймерденов Сафуан “Инеш” (1958) романын, “Мінез” (1960), “Мезгіл” (1964), “Таныс көрші” (1965), “Қарғаш” (1967), “Жыл құсы” (1969), “Сыбызғы сазы” (1971), “Өмір нұры” (1972), “Селдің екпіні” (1977), “Мәжнүн тал” (1980), “Әдеби толқындар” (1985), “Ағалардың алақаны” (1987) әңгіме-повестер жинақтарын, балаларға арналған “Жанар мен Данар” (1964), “Шалдуар”, тағы басқа кітаптар жазған.

Оның “Дөкей келе жатыр” (1979), “Өкіл әке” (1982), тағы басқа пьесалары республикалық және облыстық драма театрларында қойылған. Бірқатар шығармалары орталығы және республикалық баспалардан орыс тіліне аударылып жарияланды.

Л.Н. Толстойдың “Альберт” (1965) повесін, Р.Тагордың “Күйреу” (1958) романын, “Алтын сағым” (1960), “Гәуірмаїан” (1964) повестерін қазақ тіліне аударған. ҚР Мемлекеттік сыйлық иегері (1988).

Оған Р.Тагор кітаптарының аудармасы үшін Қазақстан Жазушылар одағының Б.Майлин атындағы сыйлық берілді (1982). “Құрмет белгісі” орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған