Менің кумирым

Кумир деген сөзінің мағынасы бала күнімде көп түсіне бермейтінмін. Кімнің әнін тыңдайсың, сол кумир болатын, әйтеуір. Кейін оның мағынасын түсіндім.
Меніғ кумирім жоқ екен. Өзім өнерінен үлгі алып, қатты сыйлайтын жандар бар. Олар өнерде, саясатта, қоршаған ортамда жүрген жандар.
Ал сіз үшін кумир деген кім?

Меніңше көбіне жас кезде біреулерге кумир боласың. Ал кейін сен ол адамның өнеріне тамсанатыныңды түсінесің. Бұл да бір уақытша нәрсе ма деймін. Мен де кейде бір әртістерді қатты ұнатып қалатыным бар, бірақ кейін басылып қалады.
Меніңше көбіне жас кезде біреулерге кумир боласың. Ал кейін сен ол адамның өнеріне тамсанатыныңды түсінесің. Бұл да бір уақытша нәрсе ма деймін. Мен де кейде бір әртістерді қатты ұнатып қалатыным бар, бірақ кейін басылып қалады.

Менде кумир жоқ, өз өзіме кумирмын! десең :mrgreen:


Кино ше?
Әпкем кезінде Бритни Спирстің суреттерін жинап, өзі де сол сияқты болып киініп жүретін :mrgreen: Бала кезімізде кімдерді кумир қылмадық ))) Қазір ешкімге еліктемей, өзіндік жолымды қалыптастырсам деймін ;)
Жақында Виктор Цойдың фанаттарын кездестірдім. Тірі Цойды көргендей болдым. Тура сол кісі сияқты киініп, шашын өсірген. Аумайды :roll:
Мейрамбек Бесбаевтің фанаттары өз алдына бөлек әңгіме )
менің кумирым Анджелина Джоли!
Кумирге ұқсау міндетті емес шығар, адамның өзіне сырт келбетін, өнерін ұнататын адамын кумир тұтуы жақсы-ақ нәрсе.
Мен бала кезімде Бритниді жақсы көретінмін (қазір де жақсы көрем ғой, бірақ ол туралы өсек-аяңдар мен соңғы жылдардағы имиджі, киім-киісі, ән айту стилі менің оған деген сүйіспеншілігімді әлсіретіп жіберді). Бейбіт Сейдуәлиеваны бір көргеннен әлі күнге жақсы көрем, әндеріне, даусына тәнтімін. Кумир сөзінің нақты аудармасын білмедім, бірақ үлгі ету, сүйсіну дегенге саятын болса - кумирлерің Бейбіттей-ақ болсын дейм. Маржанды да үлгі етуге лайық деп білем (Сұлтанбайдың еркетотайы емес) Болатханның еркесі : ) Оның биязы үні мен өзіне ғана тән сүйкімділігі мен үшін бағалы. Кеше қателесіп басқа тақырыпта А.Черри туралы жазған ем (өнері, өмірі тіпті татуына дейін жазып жіберіппін ғой), анау айтқандай үлгі тұтарлық емес қазақ қызына, бірақ сол мұхит ар жағындағы жұлдыздармен салыстырғанда нағыз кумир шығар, жақсы көрем әйтеуір 10 жылдан бері...

Мейрамбек Бесбаевтің фанаттары өз алдына бөлек әңгіме )

мен де дәл осындай өз алдына бөлек әңгімемін ғой онда ; )
Менің кумырым қазақтың мақтаныш ұлы Мейрамбек Бесбаев пен қазақтың ерке қыздары Мақпал Жүнісова мен Мадина Сәдуқасоваларды айтар едім.
Жас өте келе кумир деген қалады екен, қазір біреуге кумир болсам деген ғана ой бар ))