Қазақстан атауын өзгертуге қалай қарайсыз?

Қазақ елі деген атауға қарсысыз ба, әлде қосыласыз ба? Мәселен, мен Қазақ республикасы десе қолдайтын едім. Сіз қалай ойлайсыз? :D Бірден айтайын мәдениетті түрде сөйлесейік! :arrow:

Ендеше мәдениетті түрде Қазақстанды "Қазақ Республикасы" деген атауға өзгертуді қолдаймын. Орысша Казахская Республика болса, ағылшынша Kazakh Republic.
Болат, бірақ "Қазақ елі" деген атауға бәрі қосылып жатыр ғой. Не істейміз? )))
Неге именно Қазақ елі? Назарбаевтың не ойлағаны бар, түсінбедім жалпы...
Бәзбіреулер ҚАЗАҚИЯ деп атасақ деп жүр еді ғо? Біреудің біреуге арнап жазған кітабында осы мәселе бар ма еді, ұмытыңқырап тұрмын
Қазақия сөзі жақсы естілмейтін сияқты, орысшасы мен ағылшынша жазылуы да түсініксіз болады. Ал Қазақ елі деген сөз мағыналы екені даусыз, бірақ біз оның басқа тілдерде жазылуы мен айтылуына да назар аударғанымыз жөн. Көр де тұр, ертең оны Казах ели немесе Kazakh eli деп бүлдіретіндер шығады.
былай жақсы ғой дегенменде Қазақстан деген аты биік қой жай ғана қазақ елі мен қазақиядан АРТЫҒЫРАҚ секілді :)
елдін атын-ҚАЗАҚ деген ұнайды :mrgreen: