Блаттердің жаңа жұмысы, радиода болмақ
ФИФА-ның қазіргі Президенті Йозеф Блаттер, алда келе жатқан сайлаудан жеңілген жағдайда радиода жұмыс істеуге ниетті екенін білдірді.
1998 жылдан бері ФИФА-ның Президенті болып келген Йозеф Блаттер, футболдан толықтай қол үзбегендіктен, президенттік сайлауға тағыда түсіп бақ сынап көрмек. Футбол басшысының айтуы бойынша: «Мен өз орнымнан кеткен жағдайда, радиода жұмыс жасағанды көздеп отырмын. Радиода жұмыс жасау телевидениеге қарағанда абыройлы болғандықтан осындай шешімге келдім. Сондай-ақ, бұл менің бала кезімнен бергі арманым », деп өз ойын ашық жеткізді.
2015 жылдың мамыр айында өтетін президенттік сайлауға төрт үміткердің есімі белгілі болды. Олар: Йозеф Блаттер ФИФА-ның қазіргі Президенті, және ФИФА-ның бұрыңғы бас секретары Жером Шампань, иорданияның принці Әли бин әл-Хусейн мен францияның бұрыңғы қорғаушысы 47-жастағы Давид Жинола.