Кім ағылшынды қалай және қайда оқып жүр?

Ағылшын оқу тәсілдеріңмен бөлісіңдерші,достар) Немесе тиімді жолдары қандай,қандай курстар жақсы,тсс))) :)

Голицынский деген автордың жаттығулар жинағы (сырты жасыл кітап) өзіме қатты ұнады. Сосын Айша айтқандай ағылшынша әндердің мәтіндерін шығарып алып, қосылып айта беру керек. Олардың аудармасын әуелі өзің аударып көріп, кейін сайттардағы аудармасымен салыстырып жүріп-ақ көп нәрсе үйренуге болады.
Салем халқым!
Мен ағылшын тілін үйренгели біраз уақыт болды. Видео арқылы сосын МР3 сабақтарын жұмыс пен үй арасында жүргенде тындап үйрендім. Шет елдің азаматтарымен де бірігіп жұмыс істедім.

Бірақ күнделікті өмірде қолданбағансон ұмытып қалады екенсін.
http://lingualeo.com/ сайты арқылы, өте жақсы сайт, кеңес берем!
универде оқып жүрк ағылшынды)) лингвалео сайты пайдалы, Голицынскийдің кітабы да пайдалы, сосын мен корейский шоуларды ағылшынша субтитрлармен көремін, түсінбегеніңді бірден словардан ақтарасың ол да пайдалы, сосын бір ағылшынша сөздің ағылшынша дефинициясын айтып үйрену керек, есіңе дәл сол сөз түспей қалса басқа синонимдерді пайдаланып дегендей. Сосын әрине, словарь жаттау керек, орфография мен орфоэпияға да көп көңіл бөлу керек. керек керек боп кетті, сорри :)