Мен қалай кешіктім?

Достар! өмір болған соң, біріміз кешігеміз, енді біріміз күтеміз. Әйтеуір, небір оқиғалар болып жатады. Мына жерге өздеріңіздің ең қызықты немесе ең өкінішті кешігулеріңізді жаза отырыңыздар!

Күн сайын емтихандар 13:30-да болып жүрген. Бүгін сағат тоғызда әзер ояндым. Ананы ойлап, мынаны ойлап, интернетті шұқылап біраз жаттым да, таңғы ас әзірлеуге кірістім, оны жақсылап бал қосылған шәймен ішіп алдым да, бетіме маска жасадым, сосын емтихан сұрақтарын тағы бір қайталай бастадым. Күн сайын сағат 11-лерде досымды звондап оятатынмын, телефонымды ала берсем, группаласым звондайды: "Қайда жүрсің емтихан басталды!!!" Төбе шашым тік тұрды. Шашымды тарамастан, ілінген киімді кидім де, универге қарай зыттым. Әшейінде 20-30 минут жүретін жолды 7 минутта жүріп бардым. Енді кіріп отырғаным сол еді, ректораттан тексеру келді. Сәл, сәл қалғанда төрт жыл жақсы оқығаным күл-талқан болып, жазға қалатын едім ғой... Әлі де шүкіршілік айтумен отырмын...
Ұят-ай, мен деген кешігуден алдыма жан салмаймын ғой... Жақсы қасиет емес!
Колледжде "проф.русский" ылғи бірінші сабақ болатын, бірде үй тапсырмасы - Резюме болатын, әдемілеп толтырып апармаймын ба, апай тексеріп болып, "Пунктуальная" деген жерін алып тасташ" деген )))
Диплом алуға кешігіп барғам тағы да...
Жалпы, бір жерге ерте я уақытында барсам адамдар кәдімгідей таң қалады. Қою керек ондайды, қоям!
Эххх, мен қалай кешіктім? 2012 жыл, наурыз айының 22-сі... Астанадан Түркістанға жолға шығатын күнім... Бір ай бұрын билет алып қойып мәз болып жүргенмін... Сағат 22:00-де пойыз...деп жүргем ғо негізі... Алаңсыз жүрмін, әпкеме шай ішіп алайық дим. "Сара, билетіңді берші, көрейін", - деді әпкем бір кезде, "аха", - деп алып бергелі тұрып қарай салсам 21:15 деп тұр уақыт. Сағат болса 20:30. Вокзал мен үйдің арасы кемінде 45 минут. Мәссаған, көзім шарасынан шығып кете жаздады. - Дин, уақыт дим... Алдын ала жұмыстағы балаға айтып қойғанбыз, ол машинасымен келетін болған.
-Алло, Әзілхан, қалайсың, қайдасың?
- Душта, не болды?
- Иии, менің пойызым 21:15-те екен, қателесіп айтыппын.
- Ой, сендеее, жарайды - дид.
Өзі жайбарақат, өткізіп қойғаным бардай бір жынданайын оның без эмоция жауап бергеніне))))
Тағы телефон шалдым:
- Келе жатсың ба?
- Жоқ әлі.
- Келсей тез, кешігетін болдым ғой.
- Мен саған самолетпін ба? Такси іздей берсей.
*** Лифт істемей қалған, 7-этаждан 2 сумканы зорға түсірдік)))
Ал, такси іздейін, есік алдындағы машиналардың иесімен сөйлессем біреуі келіспейд, 2000 теңге берем дим. Жоқ, бармаймын дид.
Әзілхан жетті, сағат 21:45, пойыз 22:00-де...
Мәәә, айтып жеткізе алмайм сезімімді...
Ызғып кетіп бара жатырмыз, ысқырық, ала таяқ... Офффф, жетпегені осы еді... 5 минут олар ұстады...
Не керек, үлгермей, жарты жолдан артқа қайттық...
Алдыңғы күні болған оқиға. Жұмыста сол күні жиналыс болатыны есімнен тарс шығып кетпесі бар ма? Мика үйде рахаттанып Айгерім құсап шай ішіп, асықпай жүріп алған ))) Бір кезде Болат хабарласып: қайдасың, бүгін жиналыс, бастықтар келіп қойды, деген кезде көзім тас төбемнен шықты. Асығып-үсігіп, жиналып өкпемді қолыма алып жұмысқа жетсем, жиналыс әлі басталмапты. Сөйтіп ентігімді баса алмай бір сағаттай отырған болармын. )))
Сессия кезінде емтихан біткен уақытта барғам универге. Аудиторияға кірсем кірсем группаласым мен үшін белгілеп қойыпты екінші рет кіріп, алдымда апайға өткізе салдым)