Жаңа жылды қалай қарсы аламын?
Жаңа жылды қайда, қалай қарсы аласыз? Бөлісе отырыңыздар!
Достарыммен қарсы аламын деп жоспарлап едім, емтиханым ерте бітетін болды. Үйіме барып үлгеремін, жетіп алсам болды, бұйырса. Қалай қарсы алсам да бәрібір енді.
Тіпті де идея жоқ. Отырмын сол күтіп. қашан келеді екен жаңа жылдарың?
Жаңа жылда достарыммен көшеге шығамын деп жоспарлап отырмын))))))сосын тоғызда балл маскаратка барам ал тоғыздан онға дейін сонда болып үйге қайтам дастарқанды толтырып туыстарымнын үйіне қонаққа барамыз отбасымен бірге сосын он екіде бәрінің басы қосылып ыстық лебіз бен тілек тілейміз бір бірімізге)))))))) Жаңа жыл жаңа табыс, шабыс әкелсін))))))) сәттілік достар аға тәтелер)))))))
жаңа жылды группаластарымның арасында тойлағым келеді
Отбасыммен, групаластармен, курдастармен или жигитиммен
Достармен отырамыз бұйыртса.
Өз басым онша күтпеймін сол "мерекені". Бірақ демалыс беретіндіктен, әкеме барып қайтармын.
Сол баяғы тамаққа тойып, теледидар қарап, далаға шығып салют атып қарсы алатын шығармыз. Басқа не болсын?
Жаңа жылға да санаулы күн қалыпты ғой, тез өтіп кеткен сияқты осы жыл. Жаңа жылды достармен бірге қарсылау жоспары бар екенін айтып өттім ғой деймін )))))