Халықаралық маркетинг — маркетингтің «жоғарғы мектебі». Былайша айтқанда, фирманың жəне кəсіпорынның əлемдік нарыққа шығып, орнығуына қажетті іс-шаралар жиынтығы. Оның негізінде тұжырымдамалық база, ішкі нарықта қолданылатын əдістер мен құралдар бар.
Халықаралық маркетинг фирманың шетелдегі қызметінің ауқымдылығын көрсетеді жəне өз еліндегі нарықты игеріп, өзге мемлекеттің нарығына шыққан кəсіпорынның екіжақты қызметімен сипатталады. Ол тауарларды тұтынушыларға жылжытудың түрлі сатыларындағы халықаралық нарықтың жүйелі, жоспарлы жəне белсенді өңделуін білдіреді.
Халықаралық маркетингтің ерекшелігі мынада: оның ұйымдастырылуы мен қолданылу əдістері мемлекеттің тəуелсіздігі, ұлттық валюта жүйесі, ұлттық заңнамасы, мемлекеттің экономикалық саясаты, тілдік, мəдени, діни, тұрмыстық ерекшеліктері, салт-дəстүрі секілді факторларды ескеруге тиісті. Осыған орай, халықаралық маркетинг ұлттық дəрежеден ауқымды, бірақ көптеген факторларды қамтиды. Халықаралық маркетингке өтудің мəні жəне кезеңдері:
экспорттаушы сатып алушының алдында сатуға жəне жеткізуге дейін жауапкершілік көтеретін жағдайда, тауарды ары қарай алып барусыз шетелге сату;
экспорттаушы шетел нарығын жүйелі түрде өңдейді жəне өз өндірісін оның талаптарына бейімдейді, осы нарықты ұдайы зерттейді жəне тауардың барлық жолын соңғы тұтынушыға дейін бақылайды;
халықаралық маркетинг нарықты терең зерттеуді жəне оны өңдеу үшін, маркетингтік қызметтің барлық құралдарын қолдануды, сонымен қатар сыртқы экономикалық байланыстың түрлі формаларын — ғылыми-техникалық айырбасты, келісімдік өңдірістер, бірлескен кəсіпорындар, еншілес кəсіпорындар құруды, лицензияланған қызметтерді ұйымдастыруды талап етеді;
халықаралық маркетинг тауарларды шетелге өткізу мəселесін ғана қамтымайды, сонымен қатар іс жүзінде шетелдегі кəсіпорынның нарыққа бейімделген басқарылуын жасайды.