Марктеингті жоспарлау және бақылау

Марктеингті жоспарлау және бақылау

Фирмадағы маркетингтік жоспарлау туралы қазақша реферат

Көптеген фирмалар көп жылдарға арналған жоспарсыз жұмыс істейді. Жаңа фирма басшыларының ондай жоспар құрастырыруға уақыты болмауы мүмкін. Ал бұрыннан келе жатқан фирма басшыларының көпшілігі жоспарсыз-ақ жұмыс жүргізуге болады деп ойлайды. Өйткені олардың ойы бойынша нарықтағы жағдай тез өзгеріп жатады. Сондықтан жоспармен бәрін қамту мүмкін емес, жоспарға кеткен шығын босқа қалады деп өздерін ақтауға тырысады. Осы тәрізді себептерге байланысты көптеген фирмалар көп жылдарға арналған жоспарлау жұмысын жүргізбейді. Ал шындығына келетін болсақ, тәжірибе көрсетіп отырғандай келешекке арналған жоспарлау көптеген жеміс береді. Мелвилк Бринч жоспарлаудың төмендегі жақтарын атап көрсеткен:

1) Келешекке арналған жоспарлау фирма басшыларын іс келешегін алыстан ойлауға, оны күні бұрын білуге итермелейді;

2) Алдағы бақылауға алынған іс-әрекет көрсеткіштерін анықтауға мүмкіндік береді.

3) Фирма әрекеттерін ұтымды үйлестіруге көмектеседі;

4) Фирма өзінің міндетін және саяси мақсатын анық белгілей алады;

5) Фирманың күтпеген кездейсоқ өзгерістерге күні бұрын дайын болуына мүмкіндік береді;

6) Фирманың барлық бөлімшелерінің өзара дұрыс байланысын, орнатуға көмектеседі:

Маркетингтік қызметтердің ең маңыздылары болып нарықты зерттеу және тауар өндіруші кәсіпорынның нарықтық мүмкіндіктерін талдау және жоспарлау, маркетингтік саясаттық кешенін құрастырып және іске асыру танылды. Осы жерде айта кету керек, маркетинг ғылыми — зертеу жұмыстарын (ҒЗЖ), өндірісті, жоспарлауды және т.б. кызметтерді өзі атқармайды, ол тек осы және басқа қызметтердің түрлерін, тауар өндірушінің нарықтык мақсаттарын ескере отырып, қамтамасыз етеді.

Ұзақ мерзімді жоспарлау жүйесінде кәсіпорынның болашақ жағдайын анықтауда негізгі мән құрылған тенденциялар экстрополяциясына беріледі. Осы кезде кәсіпорынды басқаруда болашақта іскерлік нәтижелері жақсарып, ұзақ мерзімді жоспарға неғұрлым жоғары көрсеткіштер енгізетін тұжырымдамаға келеді. Бұл әдіс тұрақты экономика дамуы шарттарында толығымен жүзеге асады.

Маркетинг жоспарларын құру әдістеріне қарай келесі түрлері бар: жоғарыдан төмен жоспарлау; төменнен жоғары жоспарлау; екі бағыттық жоспарлау. Маркетингтің жоспары мынадай кезеңдерді қамтиды:

1.Ситуациялық талдау (SWOT – талдау, strengths – күшті жақтары, weaknesses — әлсіз жақтары, oportunіtіes – мүмкіндітері, threats – қауіптері, яғни алғашқы әріптерімен аталған);

2. Маркетинг мақсатарын белгілеу;

3. Маркетинг стратегияларын анықтау;

4. Бағдарламаның тәжірбиелік жүзеге асуын жетілдіру;

5. Маркетинг бюджетін құру;

6. Бақылау.

Маркетинг жоспарлаудағы қазіргі кең тараған ұғымы инвестициялық жоба немесе бизнес — жоспары. Бизнес – жоспар – бұл кәсіпорын мақсаттарын көрсететін және жобаны жүзеге асырғаннан кейінгі сипатын көрсететін нақты құрылымды жоспарлық құжат. Бизнес – жоспарда ең бастысы және маңызды бөлім деп маркетинг жоспарын айтуға болады. Жоспарлау кез келген бастаманың үлкен немесе кішілігіне тәуелсіз іскерліктің бір бөлігі болып табылады. Бизнес – жоспар – бұл жоспарлау құжаты, мүмкіндіктерді қолдануға негізделген компания басшыларының бизнесті бастау немесе кеңейту үшін мүмкіндіктерді талдап нақты жағдайды бағалау. Бизнес – жоспар – бұл кәсіпорын мақсаттарын көрсететін және жобаны жүзеге асырғаннан кейінгі сипатын көрсететін нақты құрылымды жоспарлық құжат.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, бизнеске алғашқы қадам – бұл жоғары деңгейде құрылған бизнес – жоспар. Болашқ инвестор бизнес – жоспарды оқымай кәсіпкермен кездеспейді. Бизнес – жоспар артық ақпараттан тұрмайды, өйткені оны көптеген іскер адамдар көріп пайдаланады.

Бизнес – жоспар өз ісінің болашақ дамуын анықтауда кәсіпорынға көмектеседі, өз бизнесінің жобасын бағалап және ағымды операцияларды бақылап болашақта өзгеріс мүмкіндіктері мен мәселелерді болжап өз ісінің өсу болашағын анықтайды. Сонымен қатар ол шетелдік серіктестерді тарту үшін қолданылып қаржы алу немесе біріккен жобаларды ұйымдастыру, біріккен кәсіпорындар құру үшін қажет.

Бизнес – жоспар келесі мәселелерді шешу үшін қажет:

— Кәсіпорының мақсаттарын қалыптастыру, нақты сандық көрсеткіштерді жүзеге асыру және ұйымдастырушылық бағдарламарды құрастыру;

— Қойылған мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін өзара байланысқан өндірістік, маркетингтік және ұйымдастырушылық бағдарламаларды құрастыру;

— Қаржыландырудың қажетті көлемін анықтау және оның көздерін іздестіру;

— Жобаны жүзеге асыру кезінде кездесетін қиыншылықтар мен мәселелерді анықтау;

-Жобаны жүзеге асыру үрдісін бақылау жүйесін ұйымдастыру;

-Инвесторларды жобаны қаржыландыруға тартатын түбегейлі негіздеуді дайындау.

Маркетинтік жоспарлау үрдісі келесі қалыптасқан әдістемемен кәсіпорындағы стратегиялық маркетинг және маркетингтің стратегиялық жоспарлау үзіліссіз процестерімен жүреді. Бұл үрдіске енетіндер: ситуациалық талдау, мақсаттарды түзеу және маркетингтік стратегиялар, стратегиялық жоспарға түзетулер