Молодожены реалити-шоу/Жас жұбайлар реалити-шоуы
Осы реалити-шоу жайлы айтар болсам, өмірімде ең ұнаған шоулардың бірі. Көрген сайын күлкіден үстел астында жатамын ))) Өте позитивті шоу. Сюжеті «Дом-2»-ға келеді. Бірақ салыстыруға дым келмейді. Біріншіден бұл шоуға көбіне ел алдында жүрген танымалдылар қатысады. Екіншіден, анау құрыған реалити-шоудағы сияқты қырғын-төбелес, ашық-шашық, боқтау деген жоқ. Бәрі сыпайы, тіпті бетінен сүюге ұялып жүреді ғой. Сөйтіп, қатысатын танымал адамдарды бір күнде үйлендіреді де бір үйге тұрғызады. Кейін миссия беріп отырады. Олар соны орындап, жаңа үйленген отбасын көрсетеді.
Бұл жақта енді тек ойнайды деп айту қиын, өйткені реал өмірде де ғашық болып қалғандарын байқауға болады.
Ким Хен Чжунды реалити-шоуда көріп, қазір ұнатып жүрмін. Көрген сайын оның приколдарына жатып қаламын. Шынымен өте прикольщик жігіт екен. Шығармайтын нәрсесі, айтпайтыны жоқ. Манганы жақсы көреді екен, қайда жүрсе бір қора манга кітаптарын өзімен бірге алып жүреді. Бұл реалити-шоуда көрерменге ойнаса да, көбіне өз болмысында жүреді ғой. Сол себептен өмірдегі Ким Хён Чжун маған көбірек ұнайды екен. Және де бұл шоуда ол біраз денелі, келбетті көрінеді. Бір байқағаным, шоуға қатысатын әртістердің өздері Ким Хён Чжунді «Idol» деп көргісі келіп, сөйлескісі келетіндерін айтып қалады. Сонымен қатар шоудың кейбір эпизодтарында SS501 тобының барлық мүшелерінің көруге мүмкіндік бар. Олар “хёндарын” қолдауға, көмектесуге келеді. Оның жұбы өзінен 6 жас үлкен Хван Бо деген әнші. Енді Хван Бо ғашық болмаса, Ким Хён Чжуннан мұны байқамайсың, бірақ үлгілі отағасын ойнап жүр.
Маған ұнайтын жұп Солби мен Энди. Біріншісі әнші, екіншісі де «Shinhva» тобының әншісі. Солби Эндиді өмірде де ұнатып қалғанын бірден-ақ байқауға болады. Бірақ Энди өте жабық адам сияқты. Бұлар шоуда ұзақ болмайды екен, сонда да өмірде жұп болса керемет болар еді.
Тағы бір жұп: Ин Ён мен Краун Джей. Бұлар шоуға алғаш келгенде екеуі де ерке, қырсық, әрі капризный болатын еді. Басқа жұптарға қарап, әрі бір-бірінің мінездеріне қарап, қазір жақсы өзгеріп келеді. Тіптен аз ұрсысатын да болды, соңғы кездері бір-бірін сыйлап, жақсы үйлесім тауып жүр.
Ең романтикалық жұп болып саналатын Алекс пен Шин Э. Алекс өте дарында әнші екен, және де өте-өте романтичный жігіт. Жүрегі де, жүзі де жылы. Шин Э де жақсы, бірақ біраз Алекске сай емес сияқты. Алекс Шин Э-ні ұнатады, бірақ Шин Э көп тормозить етеді. Басында жақсы бір жұп шығар ма деген ойда болып едім, кейін келе бұл ойымнан айнып қалдым. Романтиканың барлық түрін көрсеткенімен, бұны түсінер Шин Э жоқ. Алайда талай корей жігіттеріне үлгі болды Алекс.
Бұл реалити-шоудың қазір 38 сериясы аударылған. Ал жалпы саны белгісіз. Өйткені шоу 2008 жылдан бері түсіріліп келеді, әлі күнге дейін болып жатыр. Неше түрлі әртістер, әншілер қатысады.
сосын Сеулде таныстар болса, толық нұсқасы, ағылшын/орыс, суб. сатылымда бар ма екен достар кім біледі?
сосын Сеулде таныстар болса, толық нұсқасы, ағылшын/орыс, суб. сатылымда бар ма екен достар кім біледі?[/quote:8p40p1ju]
Кез-келген онлайн қарауға болатын сайттардан көре аласың. Ал видеосын жүктеп алуға болады. Бірақ әрқайсы 700 Мб оны жүктеп бітем дегенше траффигің де таусылып бітеді. Торрентте жоқ екен.
Өкінішке орай, сайтқа көбіне осы корей сериалдарына бола кіреді.
Солардың бірі CN Blue тобының әншісі Ён Хва және SNSD тобының әншісі Со Хён.
Ён Хва жұбайынан екі жас үлкен болғандықтан (1989/1991) Со Хёнды көп нәрсеге үйреткісі келетін. Өйткені шоу өтіп жатқан уақытта Со Хён бар-жоғы 19 жаста еді. Алайда жас болғанына қарамастан Со Хен күйеуінен де көп нәрсе білетінін байқатты. Бұл оның аса білімпаздығының әсері болар. Осы жұпты бақылай отырып, корей жігіттері мен қазақ жігіттерінің көптеген ұсастықтарын байқадым. Мысалы, қызғаншақтық, иә, топ лидері әйелін бәрінен қатты қызғанатын. Ал Со Хенға қарап қазақ қызының биязылығын, ұяңдығын көруге болады. Шоу барысында Ен Хва Со Хенды ұнатып қалғанын байқауға болатын. Бірақ жұптар тарап кеткеннен кейін Со Хен бір шоу бағдарламада Ен Хва екеуі қазір көп араласпайтындарын айтқан екен, әрі осы реалити шоу барысында да күйеуіне деген еш сезімі болмағанын айтыпты. Сөйтіп экранда құрылған иллюзияға бір демде нүкте қойылды.
Алдында осы жұптың бір сериясын көргенмін. Меніңше Ли Тук ана қызға ғашық сияқты. Сондай романтичный жігіт екен. Риза болдым ))
Алдында осы жұптың бір сериясын көргенмін. Меніңше Ли Тук ана қызға ғашық сияқты. Сондай романтичный жігіт екен. Риза болдым ))
Менін де ойымша Ли Тук Кан Сорага шынында да гашык секилди.8-ші сериянын сонында кишкене ролик бар содан байкауга болады
[color=#FF00FF:3hzm29nk]14 ақпан Әулие Валентин кунине қарсы MBC "Жас жұбайлар" реали шоуын [b:3hzm29nk]"Біз үйлендік" -[/b:3hzm29nk] деп Кытайлық версиясын көреремендерге ұсынбақшы.Оған Super Junior-дағы КюХён мен Т-ara-дағы ХёМин қатысады.КюХён қытайлық актриса Лу И Сяо-мен,Ал ХёМин қытайлық BoBo тобынындағы Фу Синбомен жұп болады.
ХёМин мен Фу Синбо - нын эпизоды Кореяда
Ал,КюХён мен Лу И Сяо - нын эпизодын Қытайдын Шанхай қаласында түсірілді.
Негізінде олар әлі нақты жұп болып қабылданған жоқ,егер көрермендерге ұнап рейтинг жоғары болса [b:3hzm29nk]"Нақты жұп" [/b:3hzm29nk]болып қабылданады.[/color:3hzm29nk]
КюХён мен Лу И Сяо
ХёМин мен Фу Синбо