Экономиканы мемлекеттік реттеудің (ЭМР) нарықтық шаруашылық жағдайындағы мазмұны , қолданып жүрген әлеуметтік-экономикалық жүйені өзгерген жағдайға бейімдеу және тұрақтандыру мақсатында құқығы бар мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдарда жүзеге асырылатын заңдық, атқарушы және бақылау сипатындағы типтік шаралар жүйесі болып табылады.
Нарық шаруашылығының даму барысында, жеке меншік шеңберінде шешілмейтін, яғни экономиканың өзін-өзі реттеу қағидалары негізінде экономикалық және әлеуметтік проблемалар туындайды және шиеленіседі. Өндіріс күшінің дамуы елеулі инвестицияның қажеттілігін туғызады, өндірісті мамандандыру, капиталдың шоғырлануы күшейді, өндіріс пен капиталдың бірігуі, әр түрлі елдің бір-бірімен өзара тәуелділігі өсті. Сонымен бірге қоғам дамуының белгілі бір сатысында еңбек пен капиталдың арасындағы қарама-қайшылық күшейе түсті, жаппай жұмыссыздық пайда болды, экономикалық дағдарыстар салалық шеңберден асып, жалпы ұлттық кейін әлемдік дағдарыстарға айналды. Монополияның үстемдігіне әкелген, бәсекелестікті күшейткен ақша айналымының бұзылуы, нарықтың әрі қарай тиімді дамуына көмектесетін (экономикалык саясатты жүргізу), нарық пен іс-әрекеттің қарама-қайшылықтарының жұмсаруына әкелуге тиісті сыртқы күштің әсерін, атап айтқанда мемлекет күшін талап етеді.
2-сұрақ. Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі.
Нарық экономикасына мемлекеттік араласу қатынасы оның дамуы мен қалыптасуының әр түрлі сатысында түрліше болды. ХVII-XVIII ғасырлардағы нарықтық қатынастардың қалыптасу кезеңінде үстем болған экономикалық доктрина-меркантилизм – елдегі сауда мен өндірістің дамуы үшін, мемлекеттік реттеудің сөзсіз қажеттілігін тануға негізделген.
Нарықтық өатынастардың дамуымен күш жинаған кәсіпкерлер табы мемлекеттік араласуды және осымен байланысты шектеуді өз қызметтеріне кедергі ретінде қарастыра бастады. А. Смит өзінің «Табиғат және халықтың баюының себептері туралы зерттеу» еңбегінде, экономикалық либерализм идеяларының пайда болуын алғаш рет толық негізделген және оның көптеген жақтаушылары болды.
А. Смит көзқарасы бойынша, пайда алуға ұмтылуға байланысты, жеке мүлде көздеген нарық жүйесі өзін-өзі реттеуге қаблетті екенін байқатты. Бұл мүлде экономикалық дамудың ең басты қозғаушы ретінде көрінеді.
А.Смиттің іліміндегі идеяларының бірі, экономикадан мемлекеттік реттеуді алып тастаса, онда экономика тиімді қызмет етеді деген идея болатын. А. Смит: рынок басты реттеуші болатындықтан, рынокқа толық еркіндік беру қажет,- деп есептеді.
Рыноктық үйлестіру ресурстардың тиімді пайдалануды қамтамасыз етпегенде, нарық сәтсіздігі деп аталатын жағдай болатынын экономикалық тәжірибе растады. Рыноктағы нарық сәтсіздігі қоғамның игілігі мен сыртқы әсерлерге ғана емес, басқа жағдайларға да байланысты пайда болады. Оның ең маңызды себебі – рынокқа тән монополияланған беталыс. Бұл жағдайда бәсекелесті қамтамассыз ету үшін, рынок қызметін реттейтін жағдайды толық анықтау – монополияға қарсы заңды әзірлеу және оны мемлекеттің қолдануы өмірлік қажеттілік болды.
Нарық экономикасында мемлекеттің рөлін теориялық танудың маңызды сатысы көрнекті ағылшын экономисі Дж.М. Кейнстің есімімен байланысты. «Кейнсиан революциясы » барысында алға қойылған идеялар, экономикалық құлдыраудан өз бетімен сауығудың мумкін емес екенін, мемлекеттік саясат экономиканы дағдарыстық жағдайдан шығару үшін, жиынтықты сұраныс пен жиынтықты ұсынысты теңдестіруге және әрі қарай тұрақтандыруға көмектесетін қабілетті құрал ретінде қажет екенін дәлелдеді. Дж.М. Кейнс идеяларын екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемнің көптеген елдері қабылдады. Сұраныс жиынтығын реттеуде кредиттік-ақшалы және қаржылық саясатты пайдалану, бұл елдердегі экономиканың кезеңдік ауытқуларын жұмсартуға көрсетеді деп есептеледі.
Сөйтіп, ЭМР-дің (экономиканы мемлекеттік реттеудің ) объективті мүмкіндігі экономикалық дамудың белгілі бір деңгейіне жетумен, өндіріс пен капиталдың үйлесуінде, өндірістің шоғырлануында, өндіріс күші мен өндіріс қатынастарының дамуында пайда болды. ЭМР қазіргі замандағы жағдайда ұдайы өндіріс үдерісінің құрамды бөлігі болып табылады. Олар экономикалық өсуді ынталандыру, жұмыспен қамтамасыз етуді реттеу, салалық және аймақтық құрылымдағы ілгерілеушілікті көтермелеу, экспортты қолдау сияқты әр түрлі тапсырмаларды шешеді. ЭМР-дің көлемінің нақты нысаны қоғам дамуындағы әр сатыдағы сипатпен,экономикалық және әлеуметтік мәселелердің өткірлігімен анықталады.
ЭМР-дің объектілері – бұл автоматты турде шешілмейтін, немесе алыс келешекте шешілетін қиындықтар, проблемалар пайда болуы мумкін немесе пайда болған еліміздің өміріндегі әлеуметтік жағдай мен оқиғалардың аялары, салалары, аймақтары, сонымен бірге бұл проблемалардың алып тасталуы — әлеуметтік тұрақтылықты қолдау және экономиканың қалыпты дамуы үшін қажетті.
ЭМР-дің негізгі объектілеріне шаруашылықтың экономикалық кезеңін, секторлық, салалық және аймақтық құрылымын; капитал жинақтау жағдайын; жұмыспен қамтамасыз етілуін , ақша айналымын; төлем балансын; бағасын; бәсекелестік жағдайын; әлеуметтік қатынастарын; әлеуметтік қамтамасыз етілуін; кадрларды дайындауы мен қайта дайындауын; қоршаған ортаны; сыртқы экономикалық байланыстарды жатқызады.
Мемлекеттің кезеңдікке қарсы немесе шаруашылық жағдаятын реттеу саясатынын мәні тоқырау мен дағдарыс кезінде тауарлар мен қызметке сұранысты қолдау мен капртал салу және жұмыспен қамтамасыз етуден тұрады. Ол үшін жеке капиталға қосымша қаржылық жеңілдіктер беріледі, мемлекеттік шығындар мен инвестициялар өсіріледі.
Экономиканың ұзақ мерзімді көтерілу кезінде, тауар қорларының азаюы, импорттың өсуі және баланс төлемінің нашарлауы, жұмыс күшіне сұраныстың күшеюі тәрізді қауіпті жағдайлар пайда болуы мүмкін және осыдан келіп, баға мен еңбекақының негізсіз өсуіне әкеледі. Мұндай жағдайда, ЭМР-дің міндетті — « экономиканың қызып кетуіне » жол бермеу үшін, яғни тауарларды артық өндіру мен артық қорланудың мүмкін болуына кедергі жасау үшін, сұраныстың күрделі қаржы жұмсалымының және өндірістің өсуіне жол бермеу қажет.
ЭМР сонымен бірге, аумақтық құрылым мен салалық шеңберде маңызды рөл атқарады. Мұнда қаржылық ынталандыру мен мемлекеттік күрделі қаржы жұмсалымы көмегімен бөлек салалар мен аймақтарға артықшылықты жағдай қамтамасыз етіледі: бір жағдайда созылмалы дағдарыста қалған шаруашылық бірліктері мен салаларына қолдау көрсетіледі; басқа жағдайда – салалардың ішінде, салалар арасында және барлық халық шаруашылығында оның тиімділігін көтеруде және бәсекелестік қабілетін арттыруда құрылымдылық ілгерілеушілікке әкелетін, өндірістің түрлері мен жаңа шаруашылық саласының дамуы көтермелейді. Сонымен бірге, өндірісті шектен тыс шоғырландыруға кедергі жасауға шаралар қабылдануы да мүмкін.
Экономика мемлекеттік реттеудің объектісі-капиталды жинақтау болып табылады. Әр түрлі уақытта инвесторлар үшін экономикалық кезең мен құрылымға ықпал ететін, қосымша ынталандырулар жасалады.
Жұмыспен қамтамасыз етуді реттеу – бұл нарықтық экономика көзқарасы тұрғысынан жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс арасындағы қатнастарды қалыпты қолдау. Бұл қатнастар еңбекақысы еңбекке жеткілікті тартуға қызмет ететін экономиканың білікті және тәртіпті қызметкерлерге деген талабын қанағаттандыруы тиіс. Бірақ сұраныс пен ұсыныстың арасындағы қатынастар ұлттық бәсекелестік қабілетке кері әсер ететін еңбекақының шектен тыс өсуіне апармауы тиіс. Жұмыспен қамтамасыз етудің қажетсіздігі және тез төмендеуі жұмыссыздар армиясын көбейтуге, тұтынушы сұранысының , салық түсімнң төмендеуіне, жәрдемақыға салықтың өсуіне және қауіпті әлеметтік нәтижелерге әкеледі.
Ақша айналымын реттеуде ерекше назар аударылатын негізгі бағыттар: инфляциямен күрес, баланс төлемінің жағдайына әсер ету, ұлттық валюта бағамының көтерлуі мен төмендеуі, (валюталық «дәлізді» анықтау), халықаралық экономикалық интеграцияға қатысу.
Реттеудің тағы бір маңызды объектісі баға болып табылады. Бағаның серпіні мен құрылымы экономиканың жағдайын көрсетеді. Сонымен бірге сол баға шаруашылық құрылымына, күрделі қаржы жұмсалымының жағдайына, ұлттық валютаның тұрақтылығына күшті ықпал етеді.
ЭМР объектілерінің шешілетін міндеттерге фирманың деңгейінен, салалардың ұлттық және интернационалдық деңгейіне дейін байланысты айырмашылықтары және иерархиялық сипаты болады.
ЭМР-дің құралдары. Экономикалық қызметтерді жүзеге асыру үдерісінің мемлекет алдында тұрған міндеттерді шешу үшін мемлекет өкімінде бірнеше құралдар болады. Олардың ішіндегі маңыздыларына — қазыналық және қаржылық саясат, әлеуметтік саясат пен табыстарды реттеу саясаты; сыртқы экономикалық саясат және т.б. жатады.
ЭМР-дің мақсаттары. ЭМР-дің ең басты мақсаты – экономикалық және әлеуметтік тұрақтылық, шетелде және елдің ішінде қоғамдық құрылымды нығайту. Осы басты мақсаттан иерархиялық тәуелділікте болатын көптеген нақты жағдайлар пайда болады. Бұл нақты мақсат, яғни экономикалық кезеңді тегістеу объектісіне бағытталған. Шаруашылықтың салалық және аймақтық құрылымын жетілдіру секторлық, салалық жіне аймақтық құрылымға бағытталған. Көбіне жеке мақсаттарға дараланып қол жеткізу мүмкін емес.
ЭМР құралдары. Мемлекеттік реттеудің құралдары әкімшілік және экономикалық деп бөлінеді. Әкімшілік құралдары қосымша материалдық ынталандыруды құрумен немесе қаржылық залалдың қауіптілігімен байланысты емес. Ол мемлекет билігінің күшіне, яғни тыйым салу, рұқсат беру, күштеуге негізделеді (мысалы, үкімет Мәскеу шектерінде кәсіпорын салуға тыйым салды. Ол салық пен айыппұлды көбейткен жоқ, тек лицензия беруді тоқтатты). Мемлекет өндірістік кәсіпорындарды сол жерде кәсіптік оқытуға, өндірісте жұмыс істейтін жұмысшылар үшін тұрмыстық жағдай жасауға күштеу шарасы арқылы мәжбүрлейді.
Нарықтық экономикалы дамыған елдерде реттеудің әкімшілік құралы елеусіз көлемде пайдаланады. Олардың қызметінің аясы негізінен қоршған ортаны қорғаумен, әлеуметтік әлсіз қорғалған тұрғындар үшін жағдай жасаумен шектеледі.
Мемлекеттік реттеудің негізгі құралдары:
— қазыналық саясат, яғни шығындар мен салықтардың құқықтық
аумағындағы саясат;
— ақша саясаты;
— табыстарды реттеу саясаты;
— әлеуметтік саясаты;
— баға бегіленімін мемлекеттік реттеу;
— сыртқы экономикалық реттеу;
Мемлекеттік реттеудің экономикалық құралдары ақша — кредит қаржылары мен бюджеттік саясатқа бөлінеді.
Негізгі экономикалық құралдар:
— есепке алу мөлшерін реттеу (Орталық банкпен жүргізілетін,
дисконттық саясат);
— елдің қаржылық институттары орталық банкте сақтауға
міндетті, ең аз резервтер мөлшерін белгілеу мен өзгерістері;
-мемлекеттік мекемелердің бағалы қағаздар рыногындағы мемлекеттік міндеттемелер эмиссиясы олармен сауда жасау және өтеу сияқты операциялары.
3-сұрақ. ЭМР-дің экономикалық қызметі.
Мемлекет орындайтын қызметтерге ең алдымен мыналар жатады:
— экономиканың қызмет ету үшін құқықтық негіздерді құру мен реттеу;
— монополияға қарсы реттеу;
— макроэкономикалық тұрақтандыру саясатын жүргізу;
— ресурстарды орналастыруға ықпал ету;
— табыстарды бөлу аясындағы қызмет;
— мүліктік қатнастар субъектісі ретіндегі мемлекет қызметі.
Заңдық базаны құру – бұл барлық тауар өндірушілер, тұтынушылар және мемлекеттің өзі іс — әрекетінде жетекшілікке алуға тиісті экономикалық агенттің тәртібінің ережесін, экономикалық араласудың заңдық қағидаларын белгілеу. Бұл ереженің ішінде жеке меншіктің құқығын қорғайтын, кәсіпкерлік қызметтің нысанын, кәсіпорынның қызмет ету жағдайын, олардың өзімен және мемлекет арасындағы өзара қатнастарды анықтайтын заңдар мен нормативті актілерді атап өтуге болады.
Макроэкономикалық тұрақтану экономикалық өсумен, жұмыспен толық қамтамасыз етілуімен және бағаның тұрақты деңгейімен байланысты.
Ресурстарды қайта бөлу өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өндірісіне қатысты болуы мүмкін. Әрбір нақты жағдайда мемлекеттік ықпал етудің белгілі бір түрлері қолданылады. Салықтар, демеу қаржылар, тікелей реттеу және т.б. – құралдар ретінде қолданылуы мүмкін.
Бәсекелестік тетіктерін қамтамасыз етудегі бөлу — әлеуметтік топқа жіктелуге және кедейлікке әкеледі. Қоғам әлеуметтік қорғау бағдарламасында қолданылған, табыстарды салықты қайта бөлу арқылы ауқатсыз азаматтарға қамқорлық жасауды өз мойнына алады.
Мемлекеттік меншік – сату-сатып алу объектісі болмайтын және пайда әкелмейтін ұлттық игілікті көрсетеді. Мемлекеттік меншіктің қалыптасу көзі мемлекет меншігіне айналдыру және мемлекеттік кәсіпкерлік болып табылады.
Бақылау мен талқылау сұрақтыры
1. Нарыққа мемлекеттік араласудың объективті қажеттілігі қандай? «Нарық сәтсіздігі » дегеніміз нені білдіреді?
2. Мемлекеттің рөлі және оның араласу мөлшеріне қатысты өткен дәуір теоретиктерінің көзқарастары қалай өзгерді?
3. ЭМР-дің объектісін және оның құралдарын атап көрсетіндер?
4. ЭМР-дің мақсаттары мен экономикалық қызметтері қандай?
2-ТАҚЫРЫП
КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТПЕН МЕНШІККЕ ҚАТЫСТЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
Жоспар
1. Жеке меншік және кәсіпкерлік қызметтің нысандары .
2. Жеке меншік пен жекешелендіруге қатысты қайта құру.
3. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау.
1-сұрақ. Жеке меншік туралы мәселе – қоғамдағы өндірістік қатнастарды зерттеудің негізгі көзі болып табылады. Жеке меншік туралы талас бірнеше жылдан бері созылып келеді. Әсіресе, адамзаи қалыптасқан дәстүрді бұзып-жарып, қоғамдық меншікті қалыптастыруға алғашқы қадам жасағанда, олар орасан қарсылықтарға ұшырады.
«Меншік» түсінігінің экономикалық және заңдық мәнін ажырату қажет.
Заңгерлер мншікті ие болу, пайдалану және заттардың, объектінің белгілі бір жиынтығын билеу тұрғысынан қарастырады. Заң түсінігі меншік құқығын объективті және субъективті мәнде қарастырады. Сонымен бірге заң актілері арқылы түрлі меншік субъектілеріне тиісті, иеболуға, пайдалануға және мүлікті билеуге байланысты адамдар арасындағы қатнастарды реттейтін құқықтық нысандар белгіленеді.
Субъекті –объекті Субъекті – Объекті
Меншік құқығы тұрғысынан Адамдар арасындағы өндірістік
мүліктік қатнастарды реттеу қатнастарды реттеу
Меншік экономикалық мағынадағы техникалық, технологиялық ғылыми және зияткерлік әлеуеттің , шығарылған материалдық және рухани игіліктердің өндірістік қатнастарын көрсетеді. Бұл қатнастар шаруашылық, табыстарды бөлу нысандарында, адамдардың экономикалық және әлеуметтік сұраныстарын қанағаттандыру дәрежесі мен сипаттарында қалыптасады. Экономикалық қатнастардың қатысушылары бір-біріннің тең ерекшеленген меншік иелерін мойындайды.
Материалдық игіліктер кімге тиісті немесе табиғат өнімдерін кім иемденуде?
Иемдену қоғамдық өндірістің мәнін білдіреді. Иеліктен айыру – сол немесе басқа экономикалық ресурсты, қоғамдық қатынастардағы субъектінің өзінің өмірлік қызметінің игіліктерін иемдену үрдісі және мүмкіндігі.
Меншік – бұл игіліктерді иеліктен айыру – иемденудің белгілі бір нысанын көрсететін, адамдар арасындағы қатнастар, қоғамдық қатнастардың барлық жүйесінің негізгі. Бөлу, айырбастау және тұтыну нысаны меншік нысанының сипатына (қоғамдық немесе жеке) байланысты.
Қоғамдағы топтар мен әр түрлі таптардың жағдайы және олардың өндірістің барлық факторларын пайдалануға қолы жету мүмкіндігі меншікке тәуелді.
Меншік – тарихи дамудың нәтижесі. Ол әлеуметтік-экономикалық жүйенің және оған тән өндіріс тәсілінің өзгеруіне орай нысанын өзгертеде.
Экономикалық жүйе шеңберінде меншіктің әр түрлі нысанының – қоғамдық, жеке, мемлекеттік, муниципалдық, қоғамдық ұйымдардың, ұжымдық меншіктің көптеген түрлерінің бірге өмір сүруі мүмкін.
ҚР Конституциясының 6-бабында меншіктің екі түрі бегітілген: мемлекеттік және жеке меншік танылады және тең шамада қорғалады. Сонымен бір уақытта меншік пайдалану қоғамдық игілікке қызмет ету тиіс. Меншіктің объектілері мен субъектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асырудың көлемі мен шектері, олардың қорғау кепілдігі заңда белгіленеді.
Қағидада нарықта меншіктің үш түрі барлық уақытта көрінеді:
Мемлекет: 1 билеуші
2 парламент
3 сеньория
Корпорация: 1 храм, монастырь, цех, қауымдастық
Жеке кәсіпкер: 1 жеке заңды тұлға
Кез келген кәсіпкерлік қызмет белгілі бір ұйымдастыру нысаны шегінде жүзеге асырылады. Кәсіпорынның нысанын таңдау жеке ынта мен талғамға байланысты, бірақ басты жағдайда объективті жағдаймен – қызмет аясымен, ақшалай қаражаттың болуымен, кәсіпорынның болжамды нысанының жағымды және жағымсыз жақтарымен байланысты.
Мемлекет экономиканы ұйымдастыруымен айналысуы қажет, бірақ сонымен бірге кәсіпкерге айналмауы керек, шаруашылық қызметіне тікелей араласпауы керек, сөйтіп, саяси ұйымдастырушы ретінде қалып, экономиканы реттеуде заңдық, атқарушылық және орындаушылық биліктің өз органы арқылы жүзеге асыруы тиіс: Мемлекетте қоғамның ортақ мүддесін қорғау үшін билік бар, ал барлық қалғаны кәсіпкерлерді қосқанда қоғам мүшелеріннің өздерінің қарастыруымен жүзеге асырылуы керек.
Мемлекеттік кәсіпкерлік кейде шаруашылық жүргізу жеке фирманың табиғатына қарама-қайшы келген жағдайда немесе көп қаржы салу және тәуекелді қажет ететін салада жүзеге асырылады. Мемлекеттік кәсіпкерліктің жеке кәсіпкерліктен негізгі ерекшелігі – оның бірінші кезектегі мақсаты табыс алу емес, әлуметтік-экономикалық міндеттерді шешуде қажетті өсу қарқынын қамтамасыз ету, кезкңдік құбылыстарды жұмсарту, жұмыспен қамтамасыз етуді қолдау, ғылыми-техникалық ілгерушілікті ынталандыру және т.б. Реттеудің осы нысаны өндіріс үшін өмірлік маңызы бар, пайдасы аз кәсіпорындар мен шаруашылық салаларын қолдауды қамтамасыз етеді. Бұл барлығынан бұрын, энергетика, көлік, байланыс тәрізді экономикалық инфрақұрлымның салалары. Мемлекеттік кәсіпкерлікпен шешілетін мәселелерге тұрғындарға әр түрлі аумақта жеңілдік беру, ғылыми-техникалық ілгерушілікті тездету мақсатында өмірлік маңызды ғылыми және экономиканың күрделі қаржы сыйымдылығы көлемді салаларына көмектесу және осы негізде елдің әлемдік шаруашылықта беделін нығайту жатады.
2-сұрақ. Меншік қатнастары реформалау мемлекет қарамағынан алу немесе жекешелендіру жолымен жүзеге асырылады.
Мемлекет қарамағынан алу бір жағынан басшылықты экономикалық әдіспен жүргізуді, екіші жағынан – нысанның және мешік қатнастарының өзгергенін білдіреді.
Жекешелендіру – меншік құқығын азаматтарға немесе меншіктің мемлекеттік нысаны қағидасында өндіріс жүргізуші, жеке тұлға беру үдерісі. Жекешелендіру экономиканы қайта құрудың соңғы мақсаты болып табылмайды – бұл тек меншік қатнастарын қайта құрудың әдісі.
Экономиканы реформалауда, оның ішінде жекешелендіру үрдерісі өткен жолды сын көзімен саралап көрейік.
Қазақстандағы мемлекет қарамағынан алу және жекешелендіру бойынша жүргізіледі. Әрбір кезеңге өз бағдарламасы сәйкес келеді.
І кезең – 1991-1992 жж.; ІІ кезең – 1193-1995 жж.; ІІІ кезең – 1996-1998 жж.
Бірінші кезең төмендегілерді қарастырады:
• Мемлекет қарамағынан алу және сауда, қоғамдық тамақтандыру тұрмыстық қызмет көрсету және камуналдық шаруашылық, өндірістің ұсақ кәсіпорындарын, құрылыс, автокөлік, ауыл шаруашылығы және басқа да экономиканың салаларын, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорларын жекешелендіру;
• Пайдасы аз және зиянды кәсіпорындарды мемлекет қарамағынан алу және жекешелендіру.
Ұсақ кәсіпорындарды сату үшін аукциондық және конкурстық әдістер пайдаланылды. Орта және ірі кәсіпорындарды мемлекет қарамағынан алуда оларды акционерлік немесе басқа да шаруашылық серіктестіктеріне және ұжымдық кәсіпорынға айналдыру қарастырлады.
Тұрғын үйлерді жекешелендіру, ауыл шаруашылығы және мемлекет мүлікті сатып алу купон әдісі негізінде екінші кезеңде, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген, 1993-1995 жж. Мемлекет қарамағынан алу мен жекешелендіру үдерісін өрістетуді төмендегі бағыттар байынша қарастырылды:
1. Ірі және бірегей мүліктік кешендерді жеке жобалар бойынша жекешелендіру.
Оны жузеге асыру келесі әдістермен өтті:
• Келісілген жағдайда белгілі бір инвесторға сату;
• Аукцион немесе конкурс арқылы өткізу;
• Акцияларды ашық сату.
2. Орташа кәсіпорындарды жаппай жекешелендіру.
Олар мына әдістер арқылы жүзеге асты:
• Республика тұрғындарына инвестициялық жекешелендіру купондарын беру (ИЖК);
• ИЖК иелері мен кәсіпорындар арасында делдал болып табылатын, коммерциялық инвестициялық жекешелендіру қоры (ИЖҚ) жүйесін құру.
3. Сауданың, каммуналдық шаруашылықтың, тұрмыстық және Сервистік қызмет көрсету шағын кәсіпорындарын аукцион және конкурс негізінде жүзеге асыратын шағын жекешелендіру.
ІІ кезеңнің негізгі нәтижелерін келесі жағдайда қорытындылауға болады: кіші жекешелендіру шеңберінде 11 мың объекті сатылған, бұл кіші жекешелендіруге жататын , барлық объектілердің 2/3 бөлігін құрады, оның ішінде саудада, қоғамдық тамақтандыру және қызмет көрсету аясында жаппай жекешелендіру негізінен аяқталады.
Қосымша ақпарат. 5 мыңнан аса адам жұмыс істеген, кәсіпорынды қамтитын жеке жекешелендіру шеңберінде, 5 кәсіпорын сатылған, оның ішінде шетелдік компанияларға 42 кәсіпорын сенімді басқаруға берілген.
Салалық құрлымда жеке меншік нысанының барлығынан аз көбі ауыл шаруашылығында болды – 32,2 пайыз, сауда мен қоғамдық тамақтандыруда – 17 пайыз, өнеркәсіпте – 11,8 пайыз, құрлыста – 8,6 пайыз. Жеке меншік нысанында барлығынан аз кәсіпорындар сақтандыру, геология және жер қойнауын барлау кәсіпорындарында – 0,2 пайыз, жылжымайтын мүлік операциялары аясында – 0,1 пайыз болды.
Үшінші кезең Мемлекеттік меншікті қайта құрлымдау мен жекешелендіру бағдарламасында әзірленген шеңберде жүзеге асты. Оның негізгі мақсаты – экономикада жеке секторды басым болуын бекіту мен жекешелендірудің негізгі үдерісін аяқтау болатын.
Кейбір кәсіпорындар жекешелендіру алдында қайта құрылымдалуы тиісті еді. Яғни бұл олардың белгілі бір құрлымдық өзгерістерден өтуі тиістігін білдіреді: мысалы, залалды кәсіпорынды алдын ала қалпына келтіру немесе оның ішінде өз бетімен жұмыс істей алатын құрлымды бөлу.
1996 жылдан бастап Қазақстанда, мемлекеттік меншіктегі кез келген жекешелендіру тек ақшалай қаражаттармен жүзеге асырлады. Бірақ қолданыстағы заң жекешелендірудің екі түрін қарастырады:
1. Саудада сату (аукциондар, тендер).
2. Тікелей атаулы сату ( заңды тұлғада жалға алу құқығы немесе мемлекет акциясының бақылау пакеті болған жағдайда жүзеге асады, өйткені соңында сатып алу құқығымен сенімді басқаруға келісім бекітілген).
Үкімет жекешелендіруді секторлық бағдарлама бойынша жүзеге асырады. Сөйтіп, мұнай-газ, көлік-өатнастық кешендерде; ҚР Сауда және экономика министрлігіндегі кәсіпорындар жүйесінде, денсаулық сақтау, білім беру, ғылым, мәдениет және спортта жекешелендіру мен қайта құрылымдау бағдарламасы белгіленеді. Онда мемлекеттік меншіктің мена ерекше объектілері жекешелендіруге жатпайтыны көрсетілген: жер, оның қойнауы, су, ауа кеңістігі, өсімдік және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар, тарихи және мәдени ескерткіштер, мемлекеттік бюджет қоры, республикалық сақтандыру мен резервтік қорлар.
3-сұрақ. Өтпелі кезеңде орта және шағын бизнес мемлекеттік тұрақты қолдауды қажет етеді. Тек сол ғана ірі қаржылық және тұрғындардың өндірістік ресурстарын жинақтайды, аралас экономикаға икемділік береді, өзінде монополияға қарсы күшті және тұрғындардың өндірістік ресурстарын жинақтайды, құрлымдық қайта құрудың шынайы факторына қызмет етеді, көп жағдайда жұмыспен қамтамасыз ету мәселесін шешеді.
Кәсіпкерлікті мемлекттік реттеу жүйесінің қалыптасуы көптеген бағыттар бойынша жүреді. Солардың кейбірін қарастырайық.
1. Кәсіпкерліктің қызмет етуі мен дамуын құқықтық қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыру.
Осы кезеңде заң актілерінің жоғарғы сапасын – олардың арасындағы қарама-қайшылықты жою, мүмкіндігінше оларды тікелей ықпал ететін заң актілеріне айналдыру керек, оларды өткізу тетіктерін қарастыру, кәсіпкерлердің құқығына кепілдік беру, оларды бұзған кездегі жауапкершіліктің экономикалық және басқа жақтарын қамтамасыз ету маңызды.
2. Қазіргі заманғы кәсіпкерлікті қолдау мен қаржылықты қамтамасыз етуді маңызды.
Мұндай жүйе салық салу, кредиттеу, сақтандыру, қаржыландыру, өтемақы және т.б. туралы саясатты сапалы жетілдіруді талап етеді.
3.Кәсіпкерлікті, кадрларды даялау бойынша жүйелерді, маркетингтік орталықтарды, бизнес орталықтарын және бизнес инкубаторларын, кәсіпкерлікті ақпараттық қамтамысыз етуді қалыптастыру.
Кәсіпкерлік барлық өнеркәсібі дамығын елдерде үкіметтік қолдауға ие. Оның мәні үш бағытта нақты шараларды әзірлеуге әкеледі:
1. Кеңес беру (әсіресе, алғашқы кезеңде ). АҚШ-та, мысалы Шағын бизнес бойынша үкіметтік агенттіктің аймақтық бөлімі жұмыс істейді.
2. Қаржылық қолдау көрсету.
3. Қаржылық қатнастарда күші аз кәсіпкер құрлымдарға ғылыми-техникалық немесе технологиялық көмек көрсету.
Кейбір экономистер осы уақытта кәсіпкерлер кездесетін негізгі қиыншылықтарды мыналар деп есептейді:
• кәсіпкерлік құрлымының қызметі туралы заң базасының тұрақсыздығы мен жетілдірілмеуі;
• қатал салық прессингі (салмағы) және салық салудың күрделенген жүйесі;
• алғашқы капитал мен өзінің айналымдық қаржысының жетіспеушілігі;
• банк кредиттерін алдағы қиындық;
• криминалдық құрлымдардың қысымы;
• ғимраттың және оны жалға алу бағасының жоғарлығы;
• лизингтік қызмет көрсетудің шектеулі мүмкіндігі.
Кәсіпкердің әлеуметтік жауапкершілігі бүгінгі күні пайдасын әлеуметтік жобаларға инвестициялау және қайырымдылық жасаумен шектелмейді. Одан туған өлкесінің келешек жоспары мен проблемаларын, тұрмыстық қатынастарын түсінуді және өз аймағын дамытуға қомақты үлес қосқанын күтеді.
Бақылау мен талқылау сұрақтары
1. «Меншік» түсінігінің заңдық және экономикалық мәнін ашып көрсетіңіздер.
2. Неге өтпелі кезеңде меншік қатнастарын реформалау қажет?
3. Мемлекеттен алу жекешелендіруден немен ерекшеленеді?
4. Қазақстандағы жекешелендіру үдерісінің мәнін ашып көрсетіңіздер.
5. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу мен қолдаудың жүйесі қандай?
3-ТАҚЫРЫП
ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ӘДІСТЕРІ МЕН ҰЙЫМДАСТРУ НЕГІЗДЕРІ
Жоспар
1. Қазақстан Республикасы Конституциясы басқару органының құрлымы және оның қызметі туралы.
2. Қазақстан Республикасындағы экономиканы мемлекеттік реттеудің тұжырымдамасы.
3. Келешектегі экономикалық даму көрсеткіштерінің негізделу әдістерң.
4. ЭМР-ді пайдаланудың шетелдік тәжірибесінің ерешеліктері.
1-сұрақ. Біздің мемлекеттің Конституциясында : «Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет және өзін зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады»,- деп атап көрсетілген.
Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттің Негізгі заңы ретінде төмендегіге қатысты негізгі ережелерді бекітеді:
• республиканың мемлекеттілігін;
• басқару нысанын;
• мемлекеттік және мемлекеттік емес субъектілерді өзара қатнастарының тәсілдерін;
• адамдар мен азаматтардың құқықтары мен міндеттерін.
Мемлекеттік құрлығы құрлымында мемлекеттік билікті заңдық, атқарушылық және соттық (ҚР Конституциясы 3-бап) бөлулер деп бар екенін атап өтеді.
Мемлекеттік органдардың құзыреттілігі Конституцияда анық бөлініп көрсетілген.
Қазақстан Республикасының Президентті мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағытын анықтайтын және Қазақстанды ел ішінде және халықаралық қатынастарда таныстыратын мемлекет басшысы және оның жоғарғы лауазымды тұлғасы болып табылады. Елдің Президентті конституциялық заңға сәйкес, ҚР жасы толған азаматтармен жалпы, тең және тікелей сайлау құқығымен 7-жыл мерзімге сайланады.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрлымы» 1-сурутте көрсетілген.
Суретте экономикалық дамуға жауапты биліктің үш бұтағы белгіленген.
1-сурет. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрлымы
Заңдық қызметтерді жүзеге асыратын жоғарғы өкілетті орган, сенат пен мәжілістен тұратын парламент болып табылады.
Заң шығарушы билік экономиканы басқару тетігінің негізгі болып табылатын заң актілерін әзірлейді және қабылдайды.
Үкімет республикада атқарушы билікті жүзеге асырады, атқарушы органдар жүйесін басқарады және оның қызметіне жетекшілік етеді. Өзінің барлық қызметімен ол президент алдына жауапты, сондай-ақ парламент алдына жауап береді. Экономиканы реттеу аясында үкіметтің міндеті – елдің барлық азаматтарының игілігі үшін, экономиканы дағдарыссыз және тиімді дамуы үшін жағдай тудыру.
Премьер-министрдің мідетіне салалық министрліктер мен ведомстволарды басқару және бағыттау енеді.
Сот билігі биліктің заң органдарымен қабылданған заңдардың қатаң сақталуын қадағалайды. Ол жоғарғы сот және Конституциялық Кенесті жүзеге
асырады.
Мемлекетті басқару органдары
тікелей президентке есеп береді,
оларды шартты түрде екі санатқа
бөлуге болады: елдің ұлттық қа –
уіпсіздігіне жауап беретін ми –
нистрліктер мен ведомстолар және ұлттық экономиканы дамытуға жауапты ведомстволар.
Нарықтық қатнастарды дамыту және шаруашылық нысандарын ұлғайту шаралары бойынша, басқару құрылымының ұйымдастыруын жетілдіру қажеттілігі туындайды.
Мұны төмендегінің есебінен жүзеге асырады:
1. Құрлымды ықшамдау.
2. Қайталанатын қызметті жою.
3. Артық штаттарды қысқарту.
4. Барлық басқару иерархиясы бойынша жауаптылықты, құқықты және атқару қызметін нақты шектеу.
5. Республикалық, аймақтық және бағдарламалық бағытта ортақ міндеттерді шешу кезінде басқару органдарының өзара іс-қимыл жасауы мен үйлестірілуі.
Қазақстанда қазіргі уақытта он жеті министрлік, мемлекеттік комитеттер, сондай-ақ басқа да ведомстволар жұмыс істейді.
Елдегі экономикалық жағдайға жауапты, маңызды органдардың қатарына: Қаржы министрлігі, экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, елдің Ұлттық банкі жатады.
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне елдің экономикалық дамуына, келешекті болжау, индикативтік жоспар (кешенді ауыл шаруашылығы бағдарламасын дамыту), экономиканың кейбір маңызды бағыттарын дамыту бойынша мақсатты бағдарламаға негізделген, құжаттарды әзірлеу бойынша қызмет жүктелген.
Қаржы министрлігі елдің мемлекеттік бюджетінде оның әр түрін әзірлеу мен жүзеге асырууға жауап береді. Қаржы министрлігінде мемлекеттің бюжеттік қаржысынжандандыратын және іс жүзінде бөлетін Қазынашылық бар, ол бюжеттің кассалық орындалуына бақылау жүргізеді.
Елдің Ұлттық банкіне елдегі ақша-кредит жүйесінің жағдайына, теңгенің бағамына, оның тұрақтылығына жауапкершілік жүктеледі, сонымен бірге, валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асырады. Сондай-ақ инфляция мәселесі де Ұлттық банк пен Қаржы министрлігінің құзыретіне енеді.
Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының да маңызды мәні бар – соған сәйкесті аймақта істің жағдайына жергілікті өкілетті органдар (мәслихаттар) және атқарушы биліктер (әкімиаттар) жауапты. Алғашқысы жалпы мемлекеттік мүдденің есебінен және тұрғындардың қалауын білдіріп, оларды жүзеге асырудың шараларын белгілейді. Екіншісі ат –
қарушы билікте жалпы мемлекеттік
саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді.
2-сұрақ. Мемлекеттік реттеу
ғылыми негізделген тұжырымдамасыз
мүмкін емес.
Тұжырымдама экономиканың басымдылығы мен мақсатын – дағы саясатқа негізделу тиісті (2-сурет).
2-сурет. Мемлекеттік реттеудің тұжырымдамасы
2-суретте белгіленген байланыстар ЭМР-дің тұжырымдама– ларының мәнін ашып көрсетеді.
ЭМР-ң тұжырымдамасы – бұл макроэкономикалық, құрылым–дық –инвестициялық және қоғамның шаруашылық қызметін үйлестірудің нарықтық моделін және жоспарлы басымдылығын оңтайлы пайдалану кезіндегі сыртқы экономикалық саясатын жүзеге асыру бойынша тиімді және практикалық бағытын әзірлеу.
Осы тұжырымдаманы жүзеге асыру кезінде төмендегілерді анықтау қажет:
– басымдық мәсәлелері;
– мемлекеттік реттеудің сипаты мен деңгейіне сәйкес келетін, құралдардың жиынтығы.
Мына негізгі сегіз құралды атап өтеміз:
• болжау және стратегиялық
жаспарлау;
• қаржылық-бюджеттік реттеу;
• салықтық реттеу;
• ақша-кредиттік реттеу;
• бағалық реттеу;
• кедендік-баж реттеуі;
• нормативтік-трафиктік реттеу;
• әкімшілік-құқықтық және лицензиялық реттеу.