«Өңір салу» салтын білесіз бе?
«Өңір салу» салтын білесіз бе?
Отқа шақырумен бірге болып жататын ендігі бір кәде- өңір салу. "Мұнда ылғи бәйбішелер келеді. Ниеттері - келінге шашу шашып, құтты болсын айту. Шашудың сыртында өңір әкеледі. Өңір-киім, бұйым деп ең құрығанда терме бау немесе жас төсекті басқалар басынбасын деп бүркіт тұяғы, үкі сықылдылар іледі. Бұлардың бәрі отау үйге қажетті, өңін ашатын нәрселер. Келін түскен үй бәйбішелерді күтеді, келіннің қоржынындағы аспен бірге келген бұлдардан алады. Бұл да өңір" (А. Жүнісұлы). Өңір салу - жас шаңыраққа құрмет және жәрдем десе де болады. Мұны соңғы кездерде үлкен адамдарыдң өзі естен шығарып алды.