Ұйымды басқару үрдісіндегі шешімдер қабылдау

Ұйымды басқару үрдісіндегі шешімдер қабылдау

. ПӘННІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

1. Пәнді оқыту мақсаты
«Менеджмент» пәні болашақ инженерлерді дайындау курсының маңызды бағыты болып табылады.
Курс мазмұны отандық және шетелдік менеджмент теорияларына негізделеді.
Пәннің мақсаты: болашақ өндіріс жетекшілеріне стратегиялық мақсаттарды анықтай білуге, сонымен қатар оларды тиімді шешуге, яғни ұйымдастырушылық, әлеуметтік, басқарушылық, психологиялық және басқа да міндеттерді шешуге үйрету.
Менеджмент – нарықтық қатынастардағы әртүрлі саладағы кәсіпорындарды, шаруашылық қызметтегі пайданы рационалды жолдармен алуға бағытталған кәсіби басқару.
Менеджмент – бұл адам қызметінің әртүрлі саласындағы басқарудың ең маңызды функциясы болып табылады. Менеджерлер – бұл миллиондаған адамдарды әртүрлі салада басқаратын жетекшілер.
Менеджмент – арнайы пән, яғни студентке басқарудың теориялық және практикалық үрдісінде әлеуметтік, ұйымдастырушылық, психологиялық, басқарушылық және басқа міндеттерді тиімді шеше отырып, болашақ өндіріс жетекшілеріне стратегиялық мақсаттарды анықтауға үйрету.
Берілген курс менеджменттің негізгі бағыттары бойынша студентке басқарудың жобалау механизмдері мен басқарудың шаруашылық қызметіне талдау жасаудың білімдер кешенін талқылауға жағдай жасайды.
Пәнді оқытудың міндеттері
Берілген пәнді оқыту барысында келесі міндеттер алға қойылады:
1) келесі бағыттар бойынша негізгі теориялық білімді меңгеру: ұйымдастыру теориясы, шешім қабылдау теориясы;
2) адамдар арасындағы ұйымдастырушылық мәселелерді шешуге үйрету;
3) тәжірибеде үйымды басқарудың негізгі принциптерін меңгеру және тиімді пайдалану;
4) ұйымды жоспарлау, ынталандыру және бақылау салаларында тәжірибемен алмасу және білім алу.
«Менеджменті» пәні универсалды сипатта, оның элементтері студенттер оқытатын барлық мамандықтарда орын алады. Сондықтан оның оқыту техникалық жоғарғы оқу орындарының барлық түлектері үшін қажетті кәсіби талап болып табылады.