Жоспарлау мен бақылаудағы ақпараттық-басқару жүйелері

Жоспарлау мен бақылаудағы ақпараттық-басқару жүйелері

ағдарламалық қамтамасыз ету (БҚ)-компьютерде ақпаратты автоматтандырып өндеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бағдарламалар жиынтығы.

Мақсаты мен жүзеге асыратын қызметтеріне қарай кез келген бағдарлама екі топтың біріне: БҚ-ның жүйелік (жалпы) және қолданбалы (арнайы) тобының біріне жатады.Жүйелік БҚ компьютердің міндет атқаруы мен оған қызмет көрсетуін, сондай-ақ, жаңа бағдарламалар жасау процесінде автоматтандыруды қамтамасыз етеді.

Жүйелік БҚ-ға:

операциялық жүйелер мен олардың пайдалану интерфейсі;
бағдарламалау жүйесі;
техникалық қызмет көрсету бағдарламалары жатады.
Операциялық жүйе (ОЖ)- бағдарламалардың ұйымдық жинтығы, олардың мақсаты – компьютер жұмысын басқару. ОЖ- нің бұл бөлігі ақпаратты енгізудің, сақтаудың, өндеу мен құжаттаудың кейбір әмбебап құралдары ретінде компьютердің қызмет атқаруын қамтамасыз етеді.

Бағдарламалау жүйесі- БҚ-ның бір бөлігі, оны пайдалана отырып бағдарламалар жасалады. Бағдарламалау жүйелерінің мақсаты- бағдарламалау тілдерінде жазылған бағдарламалардың бастапқы мәтіндерін жасау процесін оңайлату, сондай- ақ, оларды компьютер атқаратын бағдарламаға түрлендіру. Бағдарламалау жүйесіне бағдарламалаудың әр түрлі тілдеріндегі таратқыштар (компиляторлар немесе имтерпретаторлар) жатады.

Техникалық және сервистік (ұйымдасқан) қызмет көрсету бағдарламалары компьютердің, дискілердің және басқаларының жұмыс қабілетін бақылаудың, анықтау мен қалпына келтірудің бағдарламалық құралдары болып саналады.
Қолданбалы БҚ пайдалану міндеттерін шешуді қамтамасыз етеді. Мұндағы шешуші ұғым қолданбалы бағдарламалардың дестесі (пакеті) болып табылады.

Қолданбалы бағдарламалардың дестесі (ҚБД) – белгілі бір тақырып немесе пән бойынша міндеттер ауқымын шешуге арналған бағдарламалар жиынтығы. ҚБД мына төмендегі түрлерге бөлінеді:

жалпы мақсаттағы;
әдістемелік бағдарлау;
проблемалық- бағдарлау.
Жалпы мақсаттағы ҚБД міндеттердің кең тобын автоматтандыруға бағдарланған.

ҚБД- нің тобына:

мәтіндік процессорлар( мысалы, Microsoft(MS)Word);
кестелік процессорлар (MS Excel);
Деректер базаларын басқару жүйелері (MS Access);
Серпінді тұсаукесерлер жүйелері(MS Power Point);
Графикалық процессорлар(Corel Draw);
Баспа жүйелері (Page Maket, Quark XPress)
Ықпалдасқан жүйелер(M8 Works)
Жобалауды автоматтандыру жүйелері (CASE технология)
Сараптау жүйелерінің, шешім қабылдауды қолдау жүйелерінің және басқаларының қоршауы.
ҚБД-нің әдістемелік – бағдарлау негізіне:

Математикалық бағдарлаулың (линиялық, серпінді, статистикалық және басқа да).
Желілік жоспарлау мен басқарудың;
Жаппай қызмет көрсету теориясының;
Математикалық статистика есептерін шешудің әртүрлі экономикалық математикалық әдістерін жүзеге асыру жатады.
Проблемалық -бағдарланған ҚБД нақты мәселе саласындағы белгілі бір міндеттерді (проблемаларды) шешуге бағытталған .Бұл қолданбалы бағдарламалар дестелерінің ең кең тобы.
Олардан мыналарды: банктік дестелерді, бухгалтерлік есеп дестелерін, қаржы менеджментін, құқықтық анықтамалық жүйелерді және басқаларын бөліп атаған жөн.:Қолданбалы БҚ-ға сервистік қызметің бағдарламалық құралдары жатады, олар пайдаланушының қолайлы жұмыс ортасын ұйымдастыру үшін (мысалы, ақпараттық менеджрлер, аудармашылар және басқалары) қызмет атқарады.

Пайдаланушының интерфейсі (User Interface) ақпараттық және бағдарламалық құралдармен қамтамасыз етіледі. Интерфейстің ақпараттық бөлігі экран, пернетақта (клавиатура), және тышқан (маус-мышь) болып табылады. Бағдарламалық бөлігі қазір ең алдымен графикалық бейнелеу түрінде (Graphical User Interface- GUI) анықталады.
GUI мына төмендегі төрт принципке негізделген:
Пайдаланушының жалпы интерфейсінің болуы; бит картасының болуы; жоғары шешім қабілеті; түрлі түсті дисплей;
What You See Is What You Get ( Көріп отырғанымның бәрі де бар);
Тікелей жасалатын амал- айла(манипуляция).
Пайдаланушының жалпы интерфейсі-компьютерге командалар берудің стандартты әдісін, қосымшалрмен саймандарының бірдей құрылымын (түсіп қалған меню, жетелеу жүйесі, т.б.) анықтайды. Бұл стандартты БҚ талдамасындағы жетекші фирмалар Apple, Microsoft және ІВМ ( тізім стандартты қабылдаудың хронологиялық тәртібінде келтірілген) қабылдаған.

Н.Т. Ермеков «Информатика» 10-11 Алматы: Атамура 2003ж.
http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D0% ... 1%8B%D2%9B