Депозит ашу қазақстанға қай жылы келді?

Депозит ашу қазақстанға қай жылы келді?

Қазақстандық банктер халықаралық дағдарыстың екінші толқынын тағы да 12 млрд доллар төлемнің мәселесін бірге шеше отырып көтере білуі тиіс. Каспий банкінің басшысы Михаил Ломтадзенің пікірінше, қазіргі таңда бұл дағдарыстың әсері бір жыл бұрынға қарағанда әлдеқайда күшті. Банкир қазақстандықтарға өз валютасына сенуіне және жинақтары туралы көбірек ойлауға кеңес береді. Алайда халық депозит аша отырып, олар қандай да бір банкке неліктен сенім артқанын түсінулері тиіс.

Бұл Каспий Банкінің Басқарма төрағасының Қазақстан телеарнасының «АПТА» сараптамалық бағдарламасына берген сұхбатының негізгі сәттері.

- Ломтадзе мырза, кейбір талдаушылар қазіргі таңда әлемнің ірі қаржы институттарының басынан кешіп жатқан жағдайларға байланысты қазақстандық қаржы жүйесінің күйрейтінін болжап отыр. Кейбіреулері өзін банкрот деп жарияласа, біреулері аяғында тік тұруы үшін бірігіп жатыр. Сіз қайсібір жылдары шетелде білім алдыңыз, сонда жұмыс істедіңіз. Қалай ойлайсыз, бізге оның әсері қаншалықты болмақ?

- Біздің банктің директорлар кеңесінің соңғы жиналысында бір әріптесіміздің өте қызық түсіндірмесін тыңдадық. 20 жыл бойы ол әлемнің ең ірі банктерінің бірінде жұмыс істеген. Нарықта әр 6 жыл сайын түзетулер болып тұрды, былайша айтқанда, қаржы институттары қайта құрылды да. Іс жүзінде әлемдік экономиканың тарихына үңілетін болсақ, әрбір онжылдықта біз осындай үрдісті бақылаймыз. Әрдайым инвесторлардың көңіл күйіне байланысты қысқа мерзімді толқулар болып тұрады. Инвесторлар қас қағым сәтте бағдарынан айырылып қалады, сенімділігін жоғалтады. Олардың бұл сенімсіздігі олардың өзін-өзі ұстауында көрініс табады. Олар кейбір секторларды инвестициялауды тоқтатады, әр түрлі компанияларға күдікпен қарайды, бұл белгілі бір уақытқа жалғасады. Бірақ та бұл жағдайға тереңінен үңілсек, мұндай жағдайлар барлығына, біріншіден, өз бизнесін қайта құруға, екіншіден, бизнес-үлгісін қайта қарауға мүмкіндік береді. Ал бұл ұзақ мерзімді болашақта барлығына да пайдасын тигізеді.

- Біз қазақстандық банктердің түрлі несие өнімдері жұтаңдағанын көріп отырмыз. Енді банктер аз ғана өнімдер мен қызмет түрлерін ұсынып отыр. Бұл қалыпты үрдіс пе?

- Әрине, мұның басты себебі – сыртқы қарызды шектегеннен. Бұл объективті жайт. Өз тарапымнан мен кез келген бизнесмен басымдықтарды айқындап алатынына және өзі басқалардан тәуір жасайтын істерге ғана көңіл бөлетініне әрдайым сенемін.
Отандық банктер, шындығында да, өз қызметін бағалап отырады, өздерінің нені тиімдірек жасайтынына, ненің пайдалы болатынына, өз бизнесінің қандай аспектілерін қайта қарау керектігіне қарайды. Қазақстандық банктердің ешқайсысы да бір-біріне ұқсамайды. Бұл өзгешілік банк басшыларынан бастап қызметкерлерінен де, филиалдары мен филиал желісінің орналасуынан көрінеді. Кейбір банктер өздері үшін корпоративтік бизнес маңызды деп шешті, қайсыбіреуі бөлшекті бизнесті басым деп санайды, кейбіреуіне ипотека өздерінің бүкіл бизнесін соның айналасында құрғысы келетін өнім болып табылады. Маған стратегияны бұлай бөлу өте дұрыс және қалыпты жағдай сияқты. Барлығының да бәрін бірдей жасау фактісі дұрыс емес. Бұлай болуы мүмкін емес.

- Қор нарығындағы дағдарыс аясында түрлі секторларда жұмыс жасайтын қазақстандық компаниялардың акциясының құны біршама төмендеді. Бұл Қазақстанда банктердің саны азаяды дегенді білдіре ме?

- Акциялардың белгіленген бағасы бүкіл әлемде түсті, бұл тек банктер емес, көптеген компанияларға да қатысты. Осы тұрғыдан айтар болсақ, Қазақстанның, банк секторы мен біздің компаниялардың оған қатысы жоқ. Олардың акцияларының құнының төмендеуі нарықта болып жатқан жалпы үрдістің нәтижесі ғана. Барлық инвесторлар екі сезімді басшылыққа алады – бұл қорқыныш сезімі мен сараңдық. Қазір оларды қорқыныш сезімі басым. Олар акцияларының құнын түсіре бастады, ешкім сатып алмағандықтан, олардың құны түсуде. Бағалы қағаздарының құны түскен көптеген қазақстандық компаниялардың іргетасы жақсы. Алайда, өкінішке орай, бүгінгі таңда нарық конъюнктурасы осындай.

Қазақстанда банктер санының азаюына қатысты. Өсу қарқынына үңілетін болсақ, әдетте қиын кезеңдерде ойыншылар бірігеді. Сондықтан компаниялар мен қаржы ұйымдарының саны бүкіл әлем бойынша шоғырланатыны айдан анық. Біз мұны Америка нарығынан байқап отырмыз. Еуропада да дәл сондай жағдай. Ойыншылардың бірігуі немесе қосылуы жақсы жағдай. Олар үлкейіп, бизнесін одан да жақсырақ жүргізеді. Бұл американдық немесе еуропалық банктердің басынан кешіріп отырған бірінші дағдарыс емес, олардың тәжірибесі бар, қалай іс-әрекет ету керектігінің рецептісі бар. Бұл ТМД-да, атап айтқанда, Қазақстанда да осылай болады деген үмітіміз зор.

- Сіз батыстық банктердің рецептісі бар дедіңіз. Ал дағдарыстың салдарын сезіп үлгірген қазақстандық жас банктер мен компанияларда не бар?

- Басқа елдерге қарағанда, Қазақстанда әлемдік үрдістердің әсері әлдақайда бұрынырақ болды. Банк секторы да, оның клиенттері де дағдарысты өткен жылдың күзінде бастан кешірді. Іс жүзінде бір жыл өтті. Сыртқы қарыздың үлкен көлемі төленді, көптеген ірі банктер өз бизнесін жүргізудің жолдарын қайта қарап шықты, салалық емес және пайдасыз бөлімшелерге деген өз көзқарасын өзгертті. Мұның бәрі үлкен жетістік. Қазіргі таңда тағы бір толқын өтпек, оған отандық экономика дайын. Мысалға, ресейлік банк секторы қазір қиынырақ өмір кешуде, өйткені осыған дейін олар әлемдік дағдарыс өздеріне әсер етпейтіні жайында айтып келді. Іс жүзінде біз өте қатты әсер еткенін көріп отырмыз, алайда бұл дағдарыстың әсерінің тереңдігі мен ауқымы бір жыл бұрынғыдан әлдеқайда күштірек. Осы тұрғыдан қазақстандық банктер ТМД-ның басқа елдеріндегі әріптестерімізге қарағанда біршама дайын болды.

- Сіз қазіргі таңдағы өзекті мәселенің басын шалдыңыз. Ресей бізден алыс емес, Америка мен Еуропаға қарағанда жақынырақ. Олардың «проблемаларының» Қазақстанға әсері қандай болмақ?

- Бұл тек Ресейдің емес, барлық дамушы нарықтың проблемасы. Инвесторлар өздерінің ұстанған жолдарын түбегейлі қайта қарауда. Тек қана Ресейге немесе Қазақстанға мойын бұрып отырған инвесторлардың саны азғантай. Олар қатарында біздің еліміз де бар дамушы нарыққа көз тігуде. Осы елдердің кейбіреуінде қиындықтар туындаса, олар ақшасын жоғалтады, инвесторлар өз салымдарын түбегейлі қайта қарайды. Сондықтан ірі дамушы нарықтағы маңызды өзгерістер, әлбетте, барлығына әсер етеді. Нәтижесінде біздің компанияларға халықаралық нарықтан қаржыландыруды тарту қиынға соғады.

- Қарапайым қазақстандықтар қай валютаға сенуі керек? Неге бағдар ұстануы керек?

- Менің бір әріптесім маған мынадай сұрақ қойды: әкемде ақша бар, оны қайда жұмсаймыз? «Бұл түсінікті ғой, оны Каспий банкіне апарып депозитке салыңыз», -деп жауап бердім мен .
Шынын айтсам, қазіргі жағдайды болжау қиын, халықаралық валютаны талдауға қатысты қандай да бір шешім айту қиын. Дәл қазір әр түрлі валютаға салым жасау лотерея ойынына ұқсас. Менің кеңесіме құлақ түрсеңіз, өзіміздің валютаға сену керек. Теңге ғана қазір тұрақты. Мемлекетіміз бір жағынан инфляцияны ұстап тұрса, екінші жағынан, басқа валюталарға қарағанда теңгенің бағамын ұстап тұр. Соңғы кезде долларға шаққанда теңгенің бағамы тұрақтанды. Осы орайда алдымызда не күтіп тұрғанына көп күш жұмсап бал ашпай-ақ, бірден депозитті банкте теңгеде ашқанымыз дұрыс болар еді. Депозит кепілді түрде тұрақты кіріс алуға мүмкіндік береді.

- Ал егер халықаралық нарықтағы жағдай нашарласа, теңгенің халі не болмақ? Жаңа айтқаныңыздай, теңге тұрақты болып қала бермек пе?

- Менің ойымша, мемлекет пен Ұлттық Банк өз валютасын бақылай алатынын, бағамды ұстап тұру үшін күш салатынын дәлелдеп берген жоқ па. Талдаушылардың айтқанын еске алсақ, олар теңге құнсызданады, осыған орай оның бағамы бір доллар үшін 125, 135 не 140 теңге болады деген жоқ па. Бәрібір бұл болжамдар келген жоқ қой. Сондықтан да өткенге көз салып, Ұлттық Банк пен Үкімет қаншалықты дұрыс әрекет еткенін таразылайық. Осындай дұрыс шешімдерге бағыттала отырып, теңгеде салғанымыз дұрыс. Сонымен бірге, халықаралық ұйымдардың банкрот болғаны валюта бағамына қарағанда, көбінесе акциялардың бағасына, қор нарығына әсер етуде. Осыған дейін болған аты шулы банкроттықты қайталау мүмкін емес деп ойлаймын. Америкада да, Еуропада да банкрот болуға тиістілер банкрот болғанына біршама уақыт өтті. Барлық елдердің орталық банктері не істеу керектігін түсінді, енді мұндай банкроттық болмайды деп үміттенемін.

- Қалай ойлайсыз, қазір отандық банктер халықтың сенімін жоғалтты ма?

- Тек қана ағымдағы айдың соңғы екі аптасында біздің банктегі халықтың салымы 3% өсті. Біздің нақты жағдайымызда ашықтығымыз, айқындығымыз, банк жайында жиі әңгімелеп жүргеніміз салымшыларымыздың сенімін ақтап қана қоймай, күшейтуге де көмегін беруде. Қазақстандық банктердің таяу жылдағы міндеті – тағы да 12 млрд доллар беру. Сенім олардың бұл төлемдерді қалай жасайтынына байланысты. Маңызды бір коэффицент бар: несиелердің депозиттерге арақатынасы. Банктерге ақша қайдан келіп жатқанын түсіну үшін бұл маңызды көрсеткіш: ол салымдармен қаншалықты несиелендіруде, қаншалықты тартылған қарызбен несиелендіруде. Кейбір банктерде бұл көрсеткіш шамамен 300% құрайды, бұл берілген несиенің әрбір долларында депозиттің 30% ғана барын білдіреді, ал қалғаны – сыртқы қарыз. Біздің жағдайымызда бұл көрсеткіш бізде анағұрлым жақсы. Келесі айда біз оның сапасы жағынан қазақстандық банктердің арасында екінші орынға шығамыз деп ойлаймын. Міне, сондықтан да салымшылардың сенімінде негізі бар.