Гиннес рекордтар кітабын кірген Марат Төлегенұлы Жыланбае
Марат Төлегенұлы Жыланбаев – Гиннес рекордтар кітабының марафон жүгіру спорты бойынша 7 мәрте рекордсмені. Марат – әлемдегі жалғыз төрткүл дүниенің ең үлкен құмды шөлдерін бір өзі ғана жүргіріп өткен марафоншы.
Марат Төлегенұлы 1963 жылы сәуір айының 19 жұлдызында Қарағанды облысы, Фрунзе совхозында дүниеге келген. Ата-анасынан ерте айырылған. Мектептің 1-8 сыныптарын Қарағанды облысының балалар үйінде оқып, сонда тәрбиеленген. Екібастұз қаласының құрметті тұрғыны. Ол – марафоннан халықаралық спорт шебері. Оның әрбір марафоны кемінде 1200 шақырымды қамтиды. Марафоншы 1992 жылы сәуір айында небары 20 күннің ішінде Қарамқұмды, 1993 жылы 25 ақпан мен 23 наурызда 1700 шақырымды 24 күнде, Үлкен Викторияны 1993 жылы 24 қараша мен 15 желтоқсанда 1600 шақырымды 22 күнде және Америка Құрама Штатындағы Невада шөлін 1994 жылы 1-19 сәуір аралығында 1218 шақырымды 17 күнде бағындырған.
1988 жылы жүгіру бойынша өзінің жеке әдістемесін ойлап табады. 1991 жылдан бастап оны ҚСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Федор Склокин жаттықтырған.
1990 - 1991 жылдары Марат 42 шақырым 195 метрден тұратын 226 классикалық марафонды жүгіріп шыққан. 1991 жылы 23 күнде 23 классикалық марафонға қатарынан қатысады. Тап осы жылы (бір күнде екі марафоннан) 30 классикалық марафонды 4 сағат 54 секундта жасайды. Бұл әлемдік рекордтарды әлі күнге дейін ешкім жаңартпаған.
Марафоншы спорт өмірімен қош айтысқаннан кейін жеке кәсібін ашқан. Фото баспа, мейрамхана кәсібімен айналысады. Екі мәрте қаланың мәслихат депутатығына сайланған. Қазақстандағы спортты жандандыруға белсене араласып тұрады. Қазіргі таңда Аймақтық даму министірлігі оның «барлық көп қабатты үйлердің шатырын жүгіру алаңдарымен қамтамасыз ету» идеясын қызу талқыға салуда.