Тағдыр тартуы / Подарок судьбы түрік сериалы
ala.jpg
Ресми атауы: Al Yazmalim (Қызыл орамалды шынарым)
Шыққан жылы: 2011-2012
Мемлекет: Түркия
Режиссер: Nisan Akman / Нисан Акман
Жанр: драма
Сериялар саны: 37
Басты рөлдерде:
Seçkin Özdemir / Сечкин Өздемир (Ілияс)
Özge Özpirinççi / Өзге Өзпириндж (Асие)
Baris Falay / Барыш Фалай (Джамшит)
Orhan Alkaya / Орхан Алкайа (Салих)
Zeynep Eronat / Зейнеп Еронат
Macit Koper / Мажит Копер
Gozde Kansu / Гөзде Кансу
Ahmet Saracoglu / Ахмет Сараджоглы
Nesrin Cavadzade / Несрин Джавадзаде (Айша)
Saygin Soysal / Сайгин Сойсал (Тахир)
«Тағдыр тартуы / Подарок судьбы» телехикаясы Шыңғыс Айтматовтың "Қызыл орамалды шынарым" повестінің еркін экранизациясы. Луи Арагон бұл шығарманы өз кезеңіндегі махаббат жайлы ең үздік шығарма деп баға берген. Телехикая адамдардың бағзы заманнан жауап іздеп келе жатқан сұрақтарды қояды: «Махаббат деген не?» «Күйеу мен әйелдің міндеттеріне не кіреді?» «Кетіп қалып, қайта оралу дұрыс па?».
Асие — телехикаяның басты кейіпкері. Жас қыз кішкентай бір қалада өмір сүреді. Мойнынан сүйікті қызыл шарфын тастамайды. Асие, қатарластары сияқты махаббатын жолықтырып, тұрмыс құрып, бақытты болуды қалайды. Әпкесі оны күйеуінің Стамбулда тұратын досына тұрмысқа шығуға иландырады. Асиеге бұл ұсыныс еш ұнамайды.
Ілияс — ол да ата-анасымен тұратын жас жігіт. Жастайынан мотожарыспен айналысады. Ағасы осы спорттың салдарынан көз жұмады. Сол себепті ата-анасы оның бұл іспен айналысуына қарсы. Бір күні Ілияс пен Асие кездейсоқ кездесіп қалып, танысады.
Кітап желісі бойынша жігіт қызды алып қашып, үйленеді, бала болады, бірақ бақыттарын ұйытып отыру қолдарынан келмейді. Мұны түрік режиссері қалай жеткізгенін тамашалайық.