Эмоция эстафетасы

Ой бір Ардақ екеуміз сізге сондай бір қызық болдық-ау, иә? :) Мен негізі эмоцияға кедей адаммын. Көбіне қабағып түйіліп, тырысып қалатыным болмаса. Ойша елестетіп көріп едім, былай шықты. Қазір түрім онша емес, бірақ енді қалай бар, солай салдым.
20131029_124004.jpg

Эстафета таяқшасын Назеркеге/Еркеге тапсырамын. Ғашығың қытай боксшысын далада көріп қалғандағы эмоцияң қандай болмақ? ))

Дәл қазір микрофон болмай тұр қолымда) караокені қатты жақсы көрем, тек ішуден Құдай сақтасын)
Таяқшаны Ардақ Құлтай мырзаға ұсынам: кез келген қоғамдық көліктен көгілдір жігітті көріп қалғандағы түріңіз))
Қооой, клип түгілі суретке дұрыс түсе алмаймын :oops:
Ұнатам. Міне... :)
"Сенің естіп қойған өсегіңді құрбың жаңа естіп алып, саған бір қызық қылып айтып әлек. Сенің эмоцияң" :) Бұл - Микаға беріледі. (Мейіргүл Ұшқынова) :lol:
"Дым қызық" деп отырам.
Бүгін бірге тұратын жақын адамыңның (құрбыңның) туған күні. Тарс есіңнен шығып кетіпті. Сыйлық-мыйлықты былай қойғанда, оны сен құттықтамадың да. Түнгі 12-ден кейін ұйқыға жаттыңдар. Бір кезде ол жатып-жатып, былай дейді: "Ақбота, бүгін менің туған күнім ғой". Эмоцияң? Ақбота Мұсабекқызына.
Орнымнан атып тұрам да, ыыыы кешіршіііі деймін :)
Үнемі дұрыс ұйықтай алмайтын сен бір рахаттанып ұйықтап жатырсың. Ешқандай түстер де мазаламайды. Терезеден соққан самал еркелетіп, әдемі ұйқы құшағындасың. Кенет бір досың келді де ұйқыңның быт-шытын шығарып, тұруға мәжбүрледі. Сондағы сенің түрің? Мирас Кесебаевқа.
Осылай әп-әдемі эстафетаны тежеп тастайды енді...