Эмоция эстафетасы

Ой бір Ардақ екеуміз сізге сондай бір қызық болдық-ау, иә? :) Мен негізі эмоцияға кедей адаммын. Көбіне қабағып түйіліп, тырысып қалатыным болмаса. Ойша елестетіп көріп едім, былай шықты. Қазір түрім онша емес, бірақ енді қалай бар, солай салдым.
20131029_124004.jpg

Эстафета таяқшасын Назеркеге/Еркеге тапсырамын. Ғашығың қытай боксшысын далада көріп қалғандағы эмоцияң қандай болмақ? ))

Алыстан көрсем
Жақыннан көріп, амандассам осылай сызылатын шығармын. Түу бір есіме түсіріп, енді ұмытқанда))
Эмм, менің кезегім. Ақжелеңге: финалда шыртылдатып суретке түсіріп жатқанда, әлгі волонтер қыз болмайды деп, жаныңда тұрып алды. Әділбек шықты, түсіргің кеп тұр, бірақ сенің жаныңда волонтер қыз тұр. Сенің эмоцияң :)
Ахахах :lol: сен де қай-қайдағыны айтып :D Тілімді шығарам да осылай, ары қарай түсіре берем :)
Келесі кезекті Салтанатқа беремін. Оған тапсырма: Анаң "мен келгенші бір жұмысты аяқтап қой" деп саған тапсырма беріп кеткен, бірақ сен Массагетте отырып ап уақыттың қалай өткенін білмей қалдың. Анаң домофонды басып, үйге кіріп келе жатыр, қазір бетіңнен сүйіп алмайтынын да біліп тұрсың, сол кездегі эмоцияң :)
Күтпеген жерден бұл бiр қызық болды, дыыым эмоциясыз адам екенiмдi түсiндiм )))
Эстафетаны Айшаның өзiне берейiн:
сенi мейрамханаға Қонаққа шақырды, бiрнеше адам боп барып, кiрiп, сырт киiмдi шеше бастағанда байқадың, сендермен келген бiр Қонақ қыздың кофтасы туррррра сенiкiндей ...
Кешірерсіздер, мұнда суретті қалай қоссам болады?
Кешірерсіздер, мұнда суретті қалай қоссам болады?

Хабарлама жазып жатқанда астыға қарай түссеңіз "Обзор" дегенді көресіз, сол жақтан.