Газет тіліндегі лидерлер лексикасы
Газет тіліндегі лидерлер лексикасы. Лидерлер имиджі және бағалау категориясы»
Лидер (ағылшынша leader — жетекші) — қоғамға, ұйымға немесе топқа ықпал етуге қабілетті тұлға. Халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мақсат-мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам Лидер ретінде танылады. Лидер алға қойған мақсатқа жету үшін белгілі бір әлеуметтік ортада адамдардың күш-жігерін біріктіріп, іс-әрекетін қоғам мүддесіне сай жүргізеді. Лидерге алғырлық, ақылдылық, қажырлылық, ұйымдастырушылық, жұртқа жағымдылық, сондай-ақ өзіне жауапкершілік ала білу және іскерлік таныта білушілік, т.б. қасиеттер мен қабілеттер тән. Кез келген тарихи кезеңде, қоғамдық-саяси өмірде Лилер аса беделді тұлға ретінде танылады; қара Көсем, Көшбасшы.
Лидер— басшы, жетекші. Топта, ұжымда әдетте жетекшілік міндетін өзіне алатын бір адам болады. Әлеуметтік психологиада мұндай адамды "лидер" деп атайды. Лидер топты ұйымдастыруға және басшылық етуге сайланады не ұсынылады. Лидер әдетте топтың іс-әрекеті жайлы, оның құрамы мен мүмкіндіктері жайлы мейлінше хабардар болады. Ол топ мүшелерімен қатынаста өзін еркін, сенімді ұстайды. Психологиядағы зерттеулерде лидердің мынандай қатынаста қызмет аткаратындығы айқындалған:
ол топ алға қойған мақсатқа жетудің жолдары мен құралдарын жоспарлайды;
топ мүшелері арасында атқарылатын іске жауапты адамдарды белгілейді;
егер топтың алдына маңызды іскерлік мүдде қойылған болса және бұл топ өндірістік еңбек ұжымы болса, белгілі бір топтық шырай орнатады;
топ мүшелерінің әлеуметтік белсенділігін дамытады.
Психологтар зерттеулерінде мектеп ұжымдарындағы лидерлердің бірнеше типі болатынын көрсетті: Бірінші тип — лидер жағдайға байланысты өзін танытады. Мысалы, оқушы сыныпта музыка викторинасын ұйымдастырып өткізді делік. Ол көптеген музыкалық шығармаларды біледі, домбыра, гитарада, фортопианода, аккордеонда ойнайды. Бұл жерде ол өзінің дарыны мен шеберлігін көрсетті. Ол лидер мақсаттарды жүзеге асыратын даму деп ұғынылады.
Лидер имиджі - саяси жарнаманың басты құралының бірі. Оның өзіндік сапасы – доминаттылық. Біз ақпараттың толық көлемімен жұмыс істеудің орнына қысқа ақпаратты қолданамыз.
Мемлекеттік қызметкердің имиджін қалыптастыру идеологиялық, саяси және мәдени аспектілердің қарастырады. Мемлекеттік қызметкердің оң имиджін қалыптастыру - күрделі және ұзақ үрдіс. Мемлекеттік қызметкердің оң имиджін қалыптастыру үрдісі атқаруы биліктің имидждік саясатымен тығыз байланысқан. Мемлекеттік қызметкердің оң имиджіне қойылатын негізгі қағидалар Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшінің Ар-намыс кодексінде белгіленген: «мемлекеттiк қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенiм бiлдiру болып табылады және мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-этикалық бейнесiне жоғары талаптар қояды».
Сұрақтар:
1. Лидер болу үшін қандай қасиеттерге ие болу керек?
2. Лидерлер имиджін қалыптастыруда бағалау категориясы қандай қызмет атқарады?
3. Лидерлер тілі туралы не айта аласыз?
Әдебиет:
1.Момынова Б. Газет лексикасы (жүйесі мен құрылымы).- Алматы, 2003.
2.Момынова Б. Қазақ тіліндегі қоғамдық-саяси лексика: әлеуметтік-бағалауыштық сөзжасам.- Алматы: «Қазақ университеті», 2005. – 140 б.