Қазақ тіліндегі префикстермен келетін қоғамдық-саяси сөздерд
Қазақ тіліндегі префикстермен келетін қоғамдық-саяси сөздердің ерекшеліктері туралы
Префикс (лат. prae- алдынғы, алдында + fixus - жалғанған) - түбір алдынан орын алатын аффикс. Мысалы, орыс тілінде: заходить; неміс тілінде: aufstehen «түрегелу»; приставкамен барабар.
Префикс – лингвистикалық термин, сөз алды қосымшасы. Код пен префикс екі бөлек түсінік, жарнамада сан, белгі жөнінде айтылып тұрғандықтан, жаңа кодыңызбен деген түсініктірек болар еді.
Бұл мысалдар толғанысымды дәлелді ету үшін келтірілген болатын. Көшеміздегі жарнамаларда мұндай шалалық сауатсыздық кең етек алып бара жатырғаны ащы шындық. Қазақ жарнамаларында шетелдік жарнамалардың көшірілуі байқалады, ұлттық мәдениет белгілерінің жасанды өзгертілуі көзге айқын көрінеді.Бұлар- қазақ жарнамаларының ықпал ету қызметін төмендетеді.
Әрине, «іші – алтын, сырты – күміс» сөз жақсысын келістірген сәтті аудармалар да бар. Мысалы, «еселеп артар кірісің, үнемді болса әр ісің» - «тройной результат без лишних затрат», «зачем полцарства за коня!»-«астыңдағы атыңды алты ай іздеме!». Бұл аударма тіл емес, қазақша мәтін, ой.
Бұл қосымшалар кірме элементтер болып саналады. Осы секілді кірме сөзалды қосымшалардың қатарына -бей, -авто, -агро, -аван, т.б. префикстерін жатқызуға болады.
Қазіргі ағымдағы жазба тілде біршама қарқынды сипат алып келе жатқан құбылыстардың бірі – синоним қатарлардың дербес терминдік мағыналармен жұмсала бастауы (хабар – хабарлама – хабаршы – ақпарат – ақпар – дерек – мәлімет; бақылау – қадағалау; қолдау – мақұлдау – сүйемелдеу; жарлық – өкім; нобай – сұлба; сұрақ – сауал; аумақ – аймақ – өңір – алқап және т.б.).
Көнерген немесе сирек қолданылатын сөздердің актуалдануымен (зайырлы, зиялы, зияткер, жадығат, тәмсіл, пәтуа, ғибара, қарашын, алғыншы, айдауыл, сарбаз) қатар бір түбірден тармақталған лексикалық тілдік бірліктер де тың қоғамдық-әлеуметтік және ғылыми терминдердің қатарын толықтыру үстінде (нысан – нышан – нысана – нысаналы; қорғау – қорғаушы - қорғаншы).
Лексиканың динамикасында айқын байқалып отырған тілдік бірліктердің әдеби тіл айналымында орнығу, нормалану сипаты да назар аударарлық. Зайырлы, зияткерлік типтес сөздер түсіндірмелі сөздіктерде көрсетілмеген немесе басқаша ұғындырылған (зайырлы – білгір, білімдар).
Қазақ лексикасының толығуы мен молаюында түркі тілдерінің сөзжасам амалының құрылымдық негізін құрайтын аффиксация және сөз біріктіру амалдары барынша айқын көзге түседі. Әзірбайжан тілі бойынша өз зерттеуінде Р. Бабаев осы аталғандардың түркі тілдерінде белсенді түрде дамып отырғанына баса назар аудартады. Қазақ тілінің қазіргі жазба нұсқалары мен нормативті және терминологиялық сөздіктерінің материалдары да бұл тұрғыда мол мәлімет береді. Өнімді және өнімсіз тұлғалардың сөз тудыру қабілетінің қарқындылығымен қатар әдеби тілдің сөздік құрамында сөз біріктіру арқылы жаңа ұғымның, түсініктің, құбылыстың атауын сөз біріктіру амалы арқылы жеткізу қалыпты сипат танытуда. Жеке мағыналы сөз деңгейінде болып келген тілдік бірліктердің сөз-морфемаға қарай ығыса бастауының нәтижесінде де сөздік құрам біріккен сөздер мен терминдер арқылы толыға түсуде (ашықхат; қолдаухат; баяндаухат; әуежай; тұрғынжай). Әсіресе терминжасам жүйесін қазақыландыру ісінде бұл жайт өткір байқалады, сондықтан терминологиялық сөздіктерде молынан қамтылған (әміртыйым – вето; дыбысқұжат – фонодокумент; бағакөрсеткі – прейскурант; пікіртерім – опрос; кеудеалқа – аксельбант; әріпсан – индекс; бейнеорам – видеоклип; бейнеүнхат –видеофонограмма, ақаутапқыш - дефектоскоп). Көрсетілгендердің тіл қолданысындағы көрінісінің басқа да бірқатар сөздермен салыстыра қарағанда (мәселен, төлқұжат, телқұжат, әнұран, елтаңба, күнтізбе) бәсең болуының себептері лексикадағы динамикалық құбылыстарды сөйленіс коммуникациясы аспектісімен байланыстыра қарауды қажет етеді. Өйткені коммуникация – сөйлесу//хабар алмасу сөйленістің әлеуметтік құралдарын (сөзді) жеке тұлғалардың қолданысқа түсіруі; осы тұрғыдан қарағанда, біралуан жаңа қолданыстардың, сөздер мен терминдердің тіл айналымында ұшыраса бермейтіндігінің объективті де, субъективті де негіздері бар. Емлелік ресімделуі жағынан да айырмашылықтар ұшырасады (айталық, Мемтерминком бекіткен лексикографиялық еңбекте екіқұрамды; екіеселенген; екімәнді деген сөздер өзге тілдің құрылымы негізінде бірге жазылған). Тіл лексикасындағы осындай көріністер сөздік құрамның сандық және сапалық толығуының көрсеткіштерінің арасында айырмашылықтар бар екендігін көрсетеді. Басқаша айтқанда, тіркеуге түсіп, орнықтырылғанымен, сапалық мазмұны арқылы актуалданбайтын лексикалық тілдік бірліктердің табиғаты семантикалық талдау бойынша дербес зерттеуді қажет етеді. Бұл – лексикология, семасиология салаларының кезек күттірмейтін проблемаларының бірі. Бұлардың қатарында тілдегі жаңа қолданыстар туралы көзқарастар біршама жүйеленген деп есептеуге болады: хронологиялық өлшем бойынша жаңа болып саналатын сөздер мен сөз тіркестері топтастырылған жанақтар да жарияланды, олардың табиғаты, нормалану және қалыптану мәселелері академик Р. Сыздықтың көзқарастарымен түйінделді [10].
Әдебиет:
1. Момынова Б. Қазақ тіліндегі қоғамдық-саяси лексика: әлеуметтік-бағалауыштық сөзжасам.- Алматы: «Қазақ университеті», 2005. – 140 б.