Газет лексикасы деңгейіндегі парадигматикалық қатынас
Газет лексикасы деңгейіндегі парадигматикалық қатынас
Парадигма – тек сөздер аралығында ғана болмай, тілдің барлық бірліктері арасында болатын қатынас. Сондықтан да дыбыстардың парадигмасы, морфемалардың парадигмасы, сөздердің парадигмасы, сөйлемнің парадигмасы деген түсініктер де бар. Және де парадигматикалық қатынастар, парадигмалық мағына, олардың тіл жүйесіндегі орны, мазмұндық түрлері жөнінде орыс тілі жүйесіндегі орны, мазмұндық түрлері жөнінде тіл білімінде Д.Н.Шмелев, В.Г.Гак, В.М.Солнцев, Р.М.Гайсина, О.С.Ахманова, қазақ тіл білімінде С.Исаев, М.Оразов, Б.Момынованың зерттеу еңбектерінде қарастырылады. Туынды сөздің мағынасы сөзжасамдық қатынасқа байланысты жіктеу және туынды сөздердің иерархиялық ұйымдасуы, семантикалық және сөзжасамдық парадигмаға қатысты бірліктерін саралаудан, талдаудан шығады.
Демек, тілдегі туынды сөздердің семантикалық, сөзжасамдық парадигманың бір көрінісі – сөзжасамдық бірліктердің бір ұғым төңірігінде жинақталған өзара ұқсас, жақын, мәндес туынды аталымдардың жиынтығы ретінде ортақ парадигмалық мағынаға, заңдылыққа негізделеді. Парадигмалық мағына лексикалық мағынадан тыс, жеке қарастырылмайды, ол сол топқа енген сөздердің лексикалық мағыналарының ортақ заңдылықтарына сүйенеді.
Тілдің қазіргі дамуында екі үлкен бағыттың бар екендігі белгілі. Біріншісі – өзіндік ерекшелігі бар жеке сөздердің ұқсастығын (жалпылық байланысын) табу. Екіншісі ұқсас, бірдей тілдік бірлік-тұлғалардың ерекшелігін, айырмашылығын анықтау, жіктеп көрсету. Тілдік құбылыс саналатын туынды сөздер табиғатын осы екі бағыттың екеуі де сипаттай алады. Әр бір туынды сөздер қатардағы аталымдар негізінен екі кезеңнен өтеді. Алғашқы кезенде аталымдар жалпы мағыналық бірлестігіне қарай, ұқсастыру негізінде туынды сөздер қатарынаа топтастырылады. Екінші кезең – мәндес аталымдардың әр қайсысында ұқсастығынан (жақындығынан) басқа да өзіндік өзгешеліктерін іздестіру. Ал парадигмалық қатынастар тұрғысынан алып қарағанда, алғашқысы – парадигмаға топтастыру ұстанымы болса, екіншісі сол парадигмалық қатардағы әрбір аталымның дербестігін мойындау болып саналады.
Туынды сөздер түбір+формант үлгісіндегі құрылымның арасындағы парадигмалық байланысты анықтау, дәлелдеу үшін талдау. Бұл талдау негізінде сөз мағынасы бірнеше кіші бөлшектерге – түпкі, өзек мағынаға, бөлінеді: Өзек мағына, сема – мазмұн өрісіндегі ең кіші бірлік. Сема – тілдік бейненің шындық болмыстағы әр қырынан және қасиеттерін бейнелейтін қарапайым көрінісін таңбалайтын бірлік.
Тіл білімінде лексикалық семантиканың қазіргі зерттелуіне қатысты әр түрлі бағыттар мен көзқарастардың бар екендігіне байланысты сөз мағынасын кіші бөліктерге жіктеуде қалыптасқан ортақ ғылыми теория жоқ. Сема терминінің өзін пайдаланылуда да ғалымдар ортақ пікірге келмей отыр. Мысалы, Ю.Д.Апресян семантический множитель, Дж.Катц семантический маркер, И.В.Арнольд дифференциальный признак, ал А.И.Стернин семаны екіге бөліп семантический признак және семный конкретизатор деп атайды. Жалпы лексикалық мағынаны құрылымдық жағынан қарастыруда қазіргі семасиологияда қалыптасқан үш негізгі бағыттың бар екендігі айтылып жүр [А.И.Стернин, 4, 40 б.]. Бірінші бағытты жақтаушылар [Дж.Катц, В.Г.Гак, Ю.Д.Апресян] барлық сөздердің лексикалық мағыналарының біркелкі болатындығы туралы ғылыми тұжырым жасайды. В.Г.Гак жіктемесі: «Под семантической структурой отдельного значения слова понимается совокупность элементарных смыслов, «сем», составляющих это значение. Каждая сема представляет собой – отражение в сознании носителей языка различительных черт, обьективно присущих денотату, либо припысываемых ему данной языковой средой и, следовательно, являющихся обьективными по отношению к каждому говорящему» [В.Г.Гак, 5, 95 б.] Ол сөз мағынасының ең кіші бөлігі болып саналатын семаға деген анықтама бере отырып, сөздің ішкі мағыналық (семантикалық) құрылымдағы семалар иерархиясын белгілейді:
.архисема – сөздерді өзара байланастырып тұратын, олардың белгілі бір топқа бірігуіне негіз болатын тектік мағынадағы сема;
. айырым дифференциалды семасы – сөздердің лексикалық мағынасына негіз болып, бір сөзді екінші бір сөзден ажырататын түрлік мағынадағы сема [В.Г.Гак, 5, 95 б.]. потенциалды сема – белгілі бір жағдайларға ғана байланысты актуалданып, сөздің потенциалдық ерекшеліктерін көрсететін сема [В.Г.Гак, 5, 81-37 б.]. Бұл мәселе жайында Б.Қасымның зерттеуінде күрделі аталым, туынды сөз тұрғысынан дәлелденген [6, 226 б.].
Екінші бір көзқарастағы ғалымдар [И.В.Арнольд, Р.С.Гинзбург, А.И.Стернин] лексикалық мағынаға біркелкі болмайды, яғни қалыптасқан тұтастық жоқ деген негізде сөз мағынасын алдымен әртүрлі иерархиялық деңгейдегі «семантикалық блоктарға», сөз мағынасының әр түрлі жақтарын сипаттайтын бөліктерге бөледі. Лексикалық мағына ең алдымен сөздің негізгі семантикалық ерекшелігін анықтайтын ірі блоктарға – макрокомпонеттерге:
· денотаттық макрокомпонентке – заттық-ұғымдық мәлімет береді;
· коннотативтік макрокомпонентке – айтушының аталатын затқа денотатты бағалау мен эмоция білдіру түрғысынан қатысын көрсетеді;
· функционалды-стилистикалық макрокомпонентке сөздің белгілі бір функционалды стильге (сөйлеу, прагматикалық, ресми-іс т.б.) қатысын білдіреді. Макрокомпоненттер өз іштерінен микрокомпоненттерге – семаларға бөлінеді деген пікірге келеді.
Үшінші бағыт аспектілік бағыт. Бұл бағытты қолдаушылар [Н.Г.Комлев, Б.А.Плотников т.б.] сөз мағынасын оның тіл және сөйлеу жүйесіндегі әр жақты сипатталуын негізге алып, әртүрлі аспектілерге – сигнификаттық, денотаттық, лексикалық, грамматикалық, коннотативтік, эмоционалдық, прагматикалық, құрылымдылық, синтагматикалық, тіркесімділік, мәдени-тарихи, идеологиялық, әлеуметтік, синхрониялық, диахрониялық, эстетикалық, этикалық және т.б. бөліп қарастырады [А.И.Стернин, 4, 40-41 б.].
Қазақ тіл білімінде арнайы сөз мағынасын талдауда әр түрлі бағыттардың, көзқарастардың бар екендігін көрсетіп, қазақ тіліндегі мағынаға қатысты М.Оразов сөз мағынасындағы семалардың екі түрін ажыратып көрсетеді: «біз архисема (жалпылаушы сема) бірнеше сөздерге ортақ сема болып саналады да, сөздерді белгілі бір лексикалық-семантикалық топқа топтастырып тұрады; ал дифференциалды сема жеке сөздердің өздеріне тән болады да, оны сол лексикалық-семантикалық топтың басқа мүшелерінен ажыратып тұратын, сөздердің жеке дербестігін қамтамасыз етіп тұратын сема деген қағиданы қолдаймыз» [М.Оразов, 2, 185 б].
И.Кучкартаев түркі тілдеріндегі етістіктерге талдау жасап, сема мен семемаға түсінік берген, сөз мағынасындағы семаларды үшке бөледі:
· идентификациялық сема
· дифференциалдық сема
· қосымша сема
Семантикалық парадигма қатарындағы семема компоненттерін осындай жіктемеде алған Л.М.Васильев пен Р.М.Гайсина бұл бірлік-тұлғаларға былай деп анықтама береді: “По своей функции в составе различных лексических и грамматических парадигм компоненты семем подразделяются на идентифицирующие (интегральные) и дифференцирующие (дифференциальные)” (Л.М.Васильев, 63, 24); “Идентифицирующей называется та сема, которая является общей для целого класса или подкласса слов. Идентифицирующую функцию могут выполнять и сочетания сем. Дифференцирующими являются семы, которые различают, дифференцируют лексемы одного класса” (Р.М.Гайсина, 64,75).
· жинақтаушы сема (интегралды сема) – деп алып, сөздердің синоним болып табылуындағы, сөйтіп бір синонимдік қатарға топтастырылуындағы ортақ мағыналылықты сипаттайтын бірден-бір дәл көрсеткіш-атау ретінде қолданылады;
· айырым сема (дифференциалды сема) – деп алып, бір сөзжасамдық синонимдік қатарға топтасқан туынды сөздердің «мағыналық реңктерін» тұрғысынан дәлелдеугі, яғни әрбір сөздің мағыналық ерекшеліктерін көрсетудегі айқындық белгілі және аталым жасаудағы белсенді бөлшек ретінде пайдаланылды.
Бұл бағыт, көзқарастардың негізінде туынды сөздің ішкі заңдылықтарын саралау – тілдегі ортақ мағына негізінде бір сөзжасамдық парадигмаға топтасқан туынды сөздердің бірігу себебі және олардың өзіндік айырмашылықтарын айқындауға мүмкіндік береді. Сондықтан да туынды сөздер мағыналарының құрылымдық жағымен қатар, олардың сөзжасамдық мағынасы, лексикалық мағынасы қарастырылып, сөзжасамдық заңдылықтар мен ұстанымдары тұрғысынан талданды. Семалық талдау – туынды сөздердің өзара қатынасын анықтауда, жүйедегі аталымдардың орнын белгілеуде қолайлы да тиімді.
· Лексикадағы жүйелік қатынастар мәселесін шешуде үлкен қызмет атқарады, яғни әртүрлі лексика-сематикалық топ мүшелерінің мағыналық қатысын анықтауға, олардың шегін белгілеуге; әр түрлі тақырыптық топтар аралығындағы семантикалық байланыстарды көрсетуге қатысады;
· Әрбір сөз мағынасының заттық-ұғымдық жағы мен төл тілдік жағын айырып көрсете алады;
· Әрбір сөз мағынасының өзгеруі нәтижесінде болған үдерістердің (көпмағыналылық, метафора, метонимиялық қолданыстар, уәждемелік қатынас, сөз мағынасының кеңеюі, тарылуы, сөз мағынасының жаңа ұғымға телінуі және т.б.) табиғатын түсінуге көмектеседі;
· Сөз мағынасын синхрониялық, диахрониялық тұрғыдан қарастыруға негіз болады;
· Сөзжасамның семантикалық аспектіде қарастырылуында пайдаланылады;
· Сөз мағынасының парадигматикалық, синтагматикалық тізбек бойынша талдануына қатысады.
Д.Н.Шмелев: «Проблема парадигматических отношений внутри лексики и проблема семантической структуры лесических единиц тесно связаны друг с другом» [7, 145] деген пікірі сөзжасамдық талдауда теориялық негіз етіп алынды. Туынды сөздердің мағыналық құрылымына семалық талдау жасауда Туынды сөздердің құрылымына я мағыналық құрылымына компоненттік талдау жоғарыдағы жіктемелер басшылыққа алынып, туынды сөздердің құрамындағы семаларды “интегралды” және “дифференциалды” семалар түрінде қарастырылды.
Мысалы, төлеу, өтеу мағыналық синонимдер қатарын алалық: жинақтаушы сема (ЖС):
‘пайдаланылған заттың ақысын беру’(а)
Бүгінгі күнге дейін біртұтас әуе шабуылынан қорғаныс жуйесіне пайдаланылған қаржыны Қазақстан, Ресей және Беларусь қана өз уақытында төлеп келе жатыр. (ЕҚ, 1988, 23 желтоқсан). Қазір қажетті қоспа ретінде пайдаланылған шикізат қаражатын жергілікті мекеме өтеп жатыр. (ЕҚ, 1998, 4 желтоқсан )
Айырым семалары (АС): өтеу – ‘мөлшері, ақысы белгіленбейтін нәрселер’ қайтару (ә 1); ‘қайтару, құтылу’(ә 2)→парызын өтеу, аманатын өтеу; ‘орнын толтыру’ (ә 3)→ кеткен шығынды өтеу; төлеу – ‘пайдаланылған мөлшері көрсетілу’ (б 1); ‘ақысы белгілену’ (б 2)→ электр энергиясына ақы төлеу, еңбекақы төлеу;
Енді осы семалардың терминжасамдағы қатыстық сипатына тоқталсақ: төлем (платеж), төлем қағаз (платежное поручение) төлемпұл(оплата за проезд), төлемақы (оплата за...) деген терминдердің жасалуына ‘ақысын беру’ (а) + ‘белгіленген ақы’ (б 2) семалары қатысып тұр, яғни ЖС (а) + АС (б 2).
Ал өтеу (возмещение), зиянды өтеу (возмещение вреда), залалды өтеу (возмещение ущерба), өтемақы (компенсация) терминдерінің жасалуына ‘қайтару, құтылу’ (ә 2) + ‘орнын толтыру’ (ә 3) семалары қатысады, яғни АС (ә 2) + АС (ә 3). Бұл жерде (көріп отырғанымыздай) жаңа атауларды жасауда өтеу, төлеу семаларының айырым семалары (АС) белсенділік танытқан. Сондықтан да біздің жұмысымыздың мазмұнына сәйкестігі жағынан, синонимдер жүйесінің семантикалық қиюласуын анығырақ көрсету тұрғысынан бұл әдіс тиімді деп ойлаймыз.
Жұмыста “семема” термині Н.И.Толстойдың мағыналық анықтамасы: “Слово в аспекте лексикологическом… является единством лексема, в плане содержания – семема. Под лексемой, таким образом, нужно понимать звуковую оболочку слова, под семемой – его содержание” (65, 30) негізінде қолданылады. Бұл ұғымды М.М.Копыленко былай деп нақтылап өтеді: “лексема может быть представителем одной семемы, либо группы семем” (66, 16).
1. Қазақ тілінің мол сөздік құрамы семантикалық зерттелуі әр сөз табына қатысты лексикалық-семантикалық топтары сараланған, сөз мағыналары әртүрлі аспектілерде жан-жақты жіктелініп, қазақ тілінің семасиологиясында лексика-семантикалық топтар, тақырыптық топтар жүйелілік сипатта толық зерттеу нысаны болмаған. Бұл тұста қазақ тілінде етістіктердің лексикалық-семантикалық топтары біршама жіктелінген. Сондықтан да әлі лексикалық қабаттары семантикалық тұрғыда толық жүйеліп, сарлануы аз, қазақ тіліндегі сөзжасам парадигмасына семантикалық талдау жасауда осы мақсат көзделді.
2. Қазақ тіл білімінде “мағыналық реңк” термині алғашқы синонимия құбылысының зерттеле бастаған тұсынан бастап қазірге дейін сол бастапқы мағынасында, яғни: “реңк деген сөз – орыстың оттенок деген сөзінің қазақша баламасы ретінде жаңа термин. Оның мағынасы сәл өзгешелік, болымсыз айырмашылық дегенге келеді” (Ә.Болғанбаев 10, 34) деген түсінікте пайдалынып келеді.
Мұның басты себебі: синонимия құбылысының ең бірінші семасиологияның нысаны болу қажеттігі айтылса да Ә.Болғанбаев, Ф.Ш.Оразбаева, А.Ә.Османова, Г.Смағұлованың еңбектерінде қарастылып келуі. Сондықтан да бұл ұғым өз дәрежесінде анықталынбай, болымсыз айырмашылық пен өзгешелік шегінің ғылыми негізде аражігі ашылмай жалпы сипаттау мен түсіндіру [Ә.Болғанбаев, 10:34-36] түрінде болып келді. Сөздердің синонимдік құбылысын семантикалық тұрғыда түсіндіру мақсатында, сөз семантикасының ең кіші бірлік-тұлғасы – сөз мағынасы да, сөздің лексика-семантикалық варианты да емес, оны құраушы компоненттер (семалар) деген қағида басшылыққа алынды. Семасиология саласы қазақ тіл білімінен салыстырғанда ерте дамыған, сөз семантикасы туралы нақты тұжырымдар мен қағидалар жасалып, арнаулы зерттеулер, еңбектер жазылған орыс тіл білімінде синонимдік қатар мүшелерінің семантикалық ара қатысы компоненттік талдау негізінде қарастырылған арнайы монографиялық еңбек жоқ. Бірақ осы мақсаттағы зерттеулер мақала түрінде жарияланып, лексикадағы жуйелілік қатынастарды анықтау аясында қарастырылған.
Тіл мен сөздік құрамы – өте күрделі жүйе, соның ішінде қазақ тілінің туынды аталым құбылысын компоненттік талдау арқылы жан-жақты, толық түсіндіру жеткіліксіз. Семасиологияда “жалпылаушы самалар мен айырушы семалар сөздің лексикалық мағына құрамына енуі керек, бірақ сөз мағынасын семалардың қосындысы мен жиынтығына тең деп қару дұрыс болмайды” [Оразов 2, 187 б.] деген тұжырым жасайды. Дегенмен, нақ осы тәсіл (семалық талдау) туынды сөз компоненттерінің семантикасындағы жинақтаушы мағына айырымдық белгілердің аражігін ашудың, мағыналық реңк жіктемелері тиімді.
Демек, туынды сөздерді бір парадигмалық қатынаста деп сөзжасамдық парадигмаға топтастыруда: біріншіден, туынды сөздер бір ұғымды білдіретін мағына ортастығымен жинақталады, екіншіден сол сөзжасамдық парадигмаға енетін сөздерді байланыстырып жатқан ортақ белгімен қатар, оларды жеке сөз етіп тұратын ерекше семантикалық бірліктері бар және де үшіншіден осы жалпылық пен жалқылықты ғылыми тұрғыда дәлелдеудің жолы – сөздің лексикалық мағынасының құрылымдық жағындағы түбір мен сөзжасамдық жұрнақтардың қызметіне сүйену, мағыналардың негіздігі себеп болатындығы талдау, саралау талдау деген тұжырым жасалынды.
Туынды сөздер компоненттерінің семантикалық арақатысы
Ұзақ уақыттан бері туынды сөздердің жасалуында, мағыналық дамуында теориялық негіздемесінде “мағыналық реңк (оттенок значения)” термині басты ұғым ретінде пайдаланылып келді. Өйткені мағыналық көлемі әр түрлі туынды сөздердің мағыналық дәрежелері, қай деңгейде болып келетіндігі көрсетілмей бір ортақ қатарға жинақталып, сөздердің жекелеген мағыналық бөліктерінің теңестірілуі орнына мағыналық компоненттері әр түрлі сөздер бүтіндей қарастырылды. Сондықтан осы құбылысының әр түрлі шамадағы ұқсастық ғылыми тұрғыдан дәлелденбей “мағыналық реңк” (оттенка значения, смыслового оттенка) атауымен беріліп келді. Бірақ, тіл білімінің дамуындағы жаңаша көзқарастар мен сөз мағынасын зерттеудің құлылымдық жағының қарастыруылымен байланысты бұл ұғым төңірегінде ғылыми теорияға негізделген жаңа көзқарастар қалыптасты. Бұл қағидалар туынды аталымдардың уәжділік дәрежесінен туындайтын заңдылық.
Сұрақтар:
1. Синтагманың басты үш белгісін атап беріңіз? Синтагманың сөз тіркесінен айырмашылығ неде?
2. Парадигмалық қатынасқа тән ерекшеліктерді көрсетіңіз? Морфологиялық парадигма мен сөзжасамдық парадигманың аражігі неде?