Субстрат дегеніміз не?
Субстрат (лат. sub - астынғы, stratum - қабат, катпар) — екі тілдін тоғысуы кезінде женген тілдін кұрамында сакталып калган женілген тілдін іздері. Субстрат жергілікті байырғы тұрғындардын келімсектермен этникалық араласуы нәтижесінде қостілділік арқылы туған тілдік ықпалды білдіреді. Субстратты тудыратын тіл жеңілген тілге туыс болуы да, болмауы да мүмкін. Субстрат құбылыстары тіл жүйесінін барлық денгейінде кездеседі. Субстрат теориясы 19 ғасырдың басында пайда болған (Я. Бредсдорф), оны кейін 19 ғасырдың 60—80 жылдырында Г. И. Асколи, Г. Шухардт, В. Брёндаль, А. Мейе, О. Есперсен т. б. дамытқан.
Тілдік норма дегеніміз – тілдегі бірізділік, тіл материалдарын нормалау деген сөз, белгілі бір тәртіп, заңдылыққа бағындыру.[1] Тілдік норма тілдің ішкі заңды жүйелері негізінде дамып қалыптасады, олар сұрыпталған, ұтымды орайында, жалпыға бірдей ортақ түрінде жұмсалады. Ол тәртіпті орнататын да, оның иінін қандыратын да әдеби тіл. Тілдің дыбыс жүйесі, сөз байлығы, сөз мағыналары, тілдің грамматикалық құрылысы – бәрі қалыптасқан заңды ерекшеліктерге негізделеді. Халық тілінің сан қабат байлығы басы бір жерге қосылмайтын бытыраңқы құбылыс емес. Олардың бәрінде әдеби тілге негіз боларлықтай заңдылықтар бар. Қазақ әдеби тілі халық тілінен өзіне керегін таңдап-талғап, сұрыптап алып, оларды жалпы жұртқа ортақ етіп, халықтың тіл мәдениеті дәрежесі жоғары болу үшін оларды бірізге түсіреді.
Тілдік норма әдеби тілдің нормасы арқылы реттеліп отырады. Әдеби тіл нормасы өзгермейтін, сірескен қатаң қағидаларға құрылған жүйеге ғана емес, динамикалық қасиетке ие дағдыға да сүйенеді. Мәселен, тілдік жүйе бойынша тізгінде, шылбырла, бұзаула, ботала, т.б. қолданылатын сөздер қатары ара-тұра ауытқуға жол береді. Салыстырыңыз: ат тұсады дегенді ат тұсаулады, қой қоздады дегенді қой қозылады деу тілдік жүйеге кереғар болмағанымен, бірақ дағдыға айналып, дәстүрге енген құбылыс емес. Кейбір сөздерді қолдануда тілдік жүйе мен тілдік дағды қайшы келіп жатады. Қозыла деп қолдану тілдік жүйенің қысымы, әсер-ықпалы екенін байқау қиын емес. Ат ертте дегендегі ерттедіні ерле деп қолдану да соған ұқсас:
«Көкем атты ерледі, ерлеп жүріп терледі» (Манашыұлы Тұяқбай). Тілдік жүйе бойынша ерле болуға тиіс (салыстырыңыз: шідер-ле, жыр-ла, түр-ле («текеметке түр басу», т.б.). Кей жағдайда тілдік жүйе мен тілдік дағды айнымас бірлікте болса, кейде өзара қайшылықта болып күреске түседі. Тілдік жүйе бойынша ерле болуға тиіс сөздің ертте болуы жүйеге қарағанда дағдының басым түсуінен деп түсіну керек.
Мән туралы онша көп мағынада айтылмаса да, ең кемінде, төрт негізгі сипатта айтылады: болмыстың мәнісін де, жалпылықты да, текті де әрбір заттың мәні ретінде қабылдайды және соларға жақын ретінде, төртіншіден, заттың негізінде жататын субстратты да мән деп аталды; ал субстрат дегеніміз ол туралы бәрі айтатын, ал ол өзге туралы айтпайтын
нәрсе. Сондықтан ең алдымен оған қатысты нақты нұсқаулар беруге тиіспіз, себебі,
бірінші субстратты көбінесе мән ретінде қабылдайды. Ал осындай субстрат ретінде бір
мағынада материя нұсқаланады, өзгесінде форма және үшіншісінде осылардан құралған
нәрсе (мысалы, менің ойымша, материя дегеніміз жез, форма дегеніміз бейненің кескіні,
осы екеуінен құралған дегеніміз тұтастық ретіндегі мүсін; егер сондықтан форма
материяның алдында тұрса және артық мөлшерде тірлік етуші белгілі бір нәрсе болса, ол
осының негізінде осы екеуінен құралған нәрсенің алдында да тұрады.
Сөйтіп, біз шамаланған түрде мәннің не екенін белгіледік: ол субстрат туралы айтпайтын,
бірақ, барлық өзгелер ол туралы айтатын нәрсе. Бірақ, ол туралы тек бұлай айтуға
болмайды, ол жеткіліксіз: біздің нұсқауымыздың өзі анық емес және мән деп біз әлде де
материяны түсініп отырмыз. Расында да, егер материя мән болмаса, оның не болуы
мүмкін екені бізден тайқып кетеді: біз бірінен соң бірін барлық өзге анықтаманы алып
тастағанымызда бір нәрсенің табанды түрде қалғаны көрінбейді; кейбір қасиеттер
дененікі, ол олардың ахуалы, олардың қызметінің нәтижесі және олардың қабілеттері, ал
ұзындық, кендік, тереңдік дегеніміз - бұл белгілі сандық өлшемдер, бірақ мән емес (сан
дегеніміз мән емес қой), одан гөрі мән деп бірінші негіз ретіндегі барлық осындай
қасиеттерді иемденген нәрсені атауға болады. Өзге жағынан біз ұзындық, кеңдік жөне
тереңдікті алып тастағанымызда, біз ешнәрсе қалмағанын көреміз. Тек қана солар арқылы
өз анықтамасын алатын нәрселер ғана қалады.
Сондықтан, бұл тұрғыдан материя бізге жалғыз мән болып көрінуге тиіс. Ал материя деп
мен жалпы сипатта да, саны бойынша да, бар болу барысына тән өзге қасиеттері бойынша
да өз бетінше белгіленбейтін нәрсені атаймын. Расында да, осындай анықтамаларға
жатқызылатын бір нәрсе бар дейік және оның болмысы әлгі категориалдық
тұжырымдардан бөлек дейік (барлық өзге анықтамалар мән туралы айтады, ал мән -
материя туралы; сондықтан ең соңғы нәрсе оны өздігінен алғанда, жалпы сипаты, саны
және кез келген өзгесі де анықталмайды. Сонымен бірге, мұндай анықтамаларды жоққа
шығару да оны сипаттай алмайды: мұндай жағдайда олар онда кездейсоқ түрде болады.
Сондықтан, осы тұрғыдан қарастырғандарға мән болып материя көрінеді. Бірақ, бұл
мүмкін емес, себебі, жекеше бар болуға бейімділік те және дәл осы зат ретінде берілгендік
те мәннің ең басты түрдегі ерекше сипаты болып саналады; міне, сондықтан форманы
және осы екі бастаудан тұратын нәрсені материядан бұрын мән деп қабылдауға
болады
188
1. Әйтсе де, екі бастаудан құралған мәнді, әлгі материя мен формадан
құрылатын нәрсені сыртта қалдыра тұрайық, ол кейін келеді және әбден түсінікті; белгілі
мағынада бізге материя да анық; ал осында аталған үшіншіні қарастыру керек, себебі,
қиындықтың көбісі содан туындайды.
Және де кең мойындалған мәндер ретінде кейбір сезіммен қабылданатын
мәндер бар,
міне, сондықтан, зерттеуді ең алдымен осы соңғылардан бастау керек. Өйткені, таныс
аймаққа ауысу пайдалы. Жалпы, барлық адамдардың оқуға бейімделуі де осылай
басталады: өз кезегінде танымға көнбейтін нәрседен, танымға көнімдіге қарай. Міне,
мәселе осында, жасалған істерде әрбір жеке адамға жақсы нәрсені қайнар көз санап -
жалпыға, әрбір жеке адамға жақсылық жасау, міне, мұнда да жеке адамға түсінікті
нәрседен ілгерілеп, жалпы сипатта түсінікті нәрсені әрбір адамға түсінікті қылып беру. Ал
жеке адамдарға түсінікті жөне баста тұрған нәрсе көбінесе іс жүзінде түсінікті болмай
шығады және онда нақты шынайылық не кем мөлшерде болады немесе мүлде болмайды