Публицистикалық стилі қандай?

Публицистикалық стильдің жазба түрінің ең алғаш қалыптаса бастауы халықтьщ жалпы мәдениеті мен экономикасына байла-нысты} Мәдениеті ерте дамыған елдерде публицистикалық жанр ерте қалыптасады. Оған орыс тілі мысал бола алады. Россияда XVIII ғасырда ең бірінші газет жарық көрді; сықақ журналдар шыға бастайды. Радищевтің “Петербургтен Москваға саяхаты” сол кезде жалынды публицистикалық шығарма болып есептелген^
XIX ғасырдың екінші жартысы публицистикаға үлкен өзгерістер енген кез болды. Бұл кезде революцияшыл-демократтар публи-цистиканы царизмге қарсы күрес кұралы етіп жүмсады. В. Г. Бе-линский, Н. А. Добролюбов, Н. Г. Чернышевский сияқты сыншы-публицистер өздерінің сын мақалаларында қоғамдық кұрылысты қатты сынға алып, революциялық идеяны қуаттады. Революциялық публицистиканың ең жоғарғы үлгісі марксистік-лениндік классикалық еңбектер болып саналәды.
Жазба публицистика баспасөз мәдениетінің өркендеп даму дә-режесін көрсетеді. Қазақ баспасөзі — Октябрь революциясының жемісі. “Қазақстанда революциядан бұрын баспа орны атымен жоқ еді. Бірен-саран шыққан кітаптарда қазақ тілі бұрмаланып басылып жүрді. Қазақ тілінде ең тұңғыш басылған кітаптың бірі — “Қозы Қөрпеш — Баян сұлу” қиссасы (ең алғаш -1816 жылы басылыпты). Шоқанның, Ыбырайдың, Абайдың т. б. шығармалары Петербургте, Қазан мен Уфада, Орынбор мен Ташкентте шыкқан. 1913 жылы басылған азын-аулақ кітаптардың ішінде Спандияр Көбеевтің “Қалың мал” романы, “Айна”, “Қарлығаш” деген өлеңдері мен поэмалары Қазанда жарық көріпті1”.

Октябрь революциясынан кейін мәдени-ағарту мәселесі қолға алынып, оны жедел өркендету талабы қойылды. “1919 жылы 26 декабрьде В. И. Лениннің қолымен Халық Комиссарлар Советі қалың еңбекші бұқараның сауатсыздығын жою туралы шаралар белгіледі. Осы қаулыда және партия мен үкіметтің 1920 жылдардың бас кезінде шыққан нұсқау-директиваларында ұлттардың ана тілінде мектеп ашу, газет-журналдар шығару, әдебиетін өркендету мәселелеріне айрықша көңіл бөлінді. Осы жылдары шыға бастаған “Қазақ тілі” (1919 ж., Семей), “Дұрыстық жолы” (1919 ж., Орда), “Жаңа өмір” (1920 ж., Ташкент), “Тіршілік” (1918—1919 ж., Ақмола), “Ұшқын” (1919—1920 ж.ж., Орынбор), “Кедей сөзі” (1920 ж., Омбы) және басқа советтік газеттердің бетінде басылған өлевдер мен әңгімелер алғашқы революциялық жеңісті қуанышпен қарсы алған тілек-мақсатты бейнелейді”2. Бұл баспа органдарынан осындай мақсатта жазылған публицистикалық шығармаларды да көп кездестіреміз.
1920 жылдары республикалық тұңғыш газет “Еңбекші Қазақ” (қазіргі “Социалистік Қазақстан”) шыға бастайды. Бұл тұста казақ публицистикасы жаңа белеске көтеріледі4 “Осы дәуірде қазақ халқы өз тілінде марксизм-ленинизм классиктерінің шығармаларымен таныса бастады. Қ. Маркс пен Ф. Энгельс жазған “Қоммунистік партияның Манифесі” қазақшаға аударылды. В. И. Лениннің “Рабкринді қайта қалай ұйымдастыруымыз керек”, “Аз да болса, жақсы болсын”, “Февральдан октябрьге”, “Совет өкіметі және әйелдердің халжағдайы”, “Россиядағы саяси партиялар” т. б. еңбектері ауыл-ауылға тарап кетті. Владимир Ильичтің “Жастар одақтарының міндеттері” деген кітабы қазақтың жалынды комсомолы Ғани Мұратбаевтың басқаруымен қазақшаға аудары-лып, басылып шықты. В. И. Ленин шығармаларының 35 томдығы-ның қазақ тілінде толық шығуы — республиканың өміріндегі келелі бір оқиға болды. К- Марқстің “Қапиталы” (I том) қазақша 1963 жылы жарық көрді3. Орыстың революцияшыл-демократ жа-зушыларының шығармалары қазақ тіліне аударыла бастады. Осындай игілікті істер қазақ публицистикасының шыңдалып жетіле түсуіне белгілі дәрежеда ықпал-әсерін тигізді.
Советтендіру кезіндегі әдебиетіміздің ірі өкілдерінің бірі Сәбит Дөнентаев әйел тевдігі туралы мәселені өзінің алғашқы пуб-лицистикалық шьғғармаларында сөз етедпзОның “Қазақ әйелдері туралы” деген тақырыпйен 1918 жылы жазылған мақаласынан үзінді келтірейік:
Дүниеде жұқанағы бар нэрсе тэрбиесі болса, жасалмақ, үл-раймак,, тэрбие болмағанда, нашарламақ, жоғалмақ.
Сол кездегі әдеби көркем публицистикада қоғамдық осындай тақырыпқа айрықша маңыз берілген. Мұндай шығармалардың қай-қайсысында болмасыназаттықтың, бостандықтың жалынды үні айрықша сезіледі.






Ол уақыттағы шығармаларда ауызекі сөйлеу тілінің әсері басым болғаны байқалады, сөз қолданылуы қарапайым болып, сөйлемдері кысқа-қысқа келеді. Саяси-әлеуметтік термин сөздерді қолданғанда, олардың баламасы тек ана тілінен алынған болатын. Мысалы: революция — төңкеріс, совет — кеңес, режим — низам, помещик — алпауыт т. б. немесе интернационалды терминдер бұрмаланып қолданылған; көменес (коммунпст), пәлсепе (философия), пидал (феодал) т. б. Осы күні мұның бәрі бір қалыпқа түсті, әдеби нормаға сай қолданылады. Бұл публицистикалық шығарманың тілінің сапалылығын арттырып, мазмұнды болуына үлкен ықпал жасады. Сонымен қатар публицистиканың өзі әдеби тілімізді жаңа сөздер, жаңа сөз тіркестері және күрделі сөйлем құрылыстарымен байыта түсті. Тілімізге еніп жатқан жаңа ұғымдар мен терминдер төл . сөзімізге айналды>) Мысалы, “Қазақ әдебиеті” газетінде басылған мына бір мақаланы алайық:
Қазіргі кезде публицистика зор қарқынмен даму үстінде. Пуб-лицистика — партияның әлеуметтік маңызы бар мәселелерді ше-шуіне ат салысатын айбынды кұралы.Публицистикалық шығар-маларда^еліміздің ішкі-сыртқы саясаты және мәдениет пен мораль проблемалары сияқты актуальды мәселелері сөз болады.
Публицистикалық стильге қойылатын талап — қандай тақы-рыпқа жазылса да, логикалық жағынан дәлелді, көңілге қонымды болуы қажет. Ол — тілдік кұралдарды қолдана білуден байқалады. Публццистиканың қоғам өмірімен тығыз байланыстылығы оған үгіт-насихаттық сипат береді. Сондықтан публйцистикалық шы-ғарманың тақырыбьша, мазмұнына сай сөздер мен сөз тіркестерін сұрыптап қолдана білудің және қажетті синтаксистік құрылысты пайдалана білудің үлкен мәні бар.
Публицистикалық стильде тілдің эмоциональды элементтері және сөзді образды қолдану сияқты әдеби стильге тән құбылыстар да кездеседі. Бұл оның әдеби стильге жақындығын көрсетеді. Ал оның фактіні толық және логикалық жүйелі баяндау тәсілі жағы-нан ғылыми стильге жақын екені байқалады.