Тышқан атауы қалай пайда болды?

Тышқан атауы (ағылшынша Mouse) M-manually O-operated U-user S-signal E-encoder білдіреді. 1968 жылдың 9 желтоқсанында компьютер тышқаны Калифорниядағы өздiгiнен құрылымдық демонстрациясында таныстырылған. Комплектiсіне тышқан қосылатын бiрiншi компьютер (ағылшынша ) Xerox 8010 Star Information System, 1981 жылы көрсетiлген миникомпьютер болатын. Xerox фирмасының тышқаны үш батырмалы және 400 Ақш долдарынан тұрды. Apple фирмасы 1983 жылы Lisa компьютерi үшiн бiр кнопкалы тышқанның үлгiсiн шығарды.Тышқан – графиктік меңзермен басқарылдатын құрылғы. Екі немесе үш батырмасы бар жазыңқы қорапша тәріздес. Тышқанның жазық беттегі қозғалысы экрандағы тышқан нұсқағышы деп аталатын графиктік объектінің қозғалысымен байланыстырылған. Компьютерді басқару үшін тышқанды жазық бетте жылжытады және оң немесе сол жақ батырмаларын қысқа уақытқа басып отырады. Осылайша басуды шерту деп атайды.Монитор мен тышқан бірігіп қолданушы интерфейсінің жаңа түрі – графиктік интерфейсті құрайды. Тышқанның көмегімен объектілердің қасиеттері өзгертіліп, басқару элементтері әрекетке келтіріледі.
Тілдерді оқыту үрдісіне компьютерлік технологияны ендірудің қазіргі қалпын зерттеу барысында қолданбалы тіл білімінде жаңа бағыттың – компьютерлік лингвистиканың пайда болып, дамуына әкелді. Осы ғылымның пайда болуына қазіргі ақпараттандырудың жаһандану үрдісі, ғылыми және техникалық прогрестің белгілі бір қажеттіліктерінің,



сонымен бірге жасанды интеллекет жүйесін, жасанды тілдер үлгілерін құру қажеттілігінің алғышарттары зор ықпал етті. Алайда бұл міндеттердің барлығын лингвистика теориясынсыз шешу мүмкін емес, өйткені тарихи жүйе ретінде қалыптасқан табиғи тілдер адамдардың өзара қарым-қатынасына қызмет етсе, жасанды тіл де адам-машина, машина-машина, машина-адам қарым-қатынасы үшін жасалған, олардың екеуінің негізі бір, ортақ қызмет атқарады, жұмсалу үлгісі мен құрылымы да бірдей. Лингвистика ғылымынсыз жасанды тілді жетілдіру, сонымен бірге адамның компьютермен табиғи тілде қарым-қатынас жүйесін жасау, күрделі адам-машина кешені қызметінің тиімділігін арттыру мүмкін емес. Өз кезегінде машиналық әдіспен өңдеу, жинау, сақтау, іздеу, жіктеу, табиғи тілдерді талдауға көшу кезінде классикалық лингвистика өзінің алдағы дамуына үлкен қарқын алды.Компьютерлік лингвистиканың зерттеу мақсаты – ЭЕМ-да қарым-қатынас жасау үшін жасанды тілдердің құрылуымен байланысты компьютерлік технологияның лингвистикалық мәселелелерін шешу, бағдарламаларды лингвистикалық құралдармен қамту, мәліметтер жиынтығын құру, түрлі сөздіктер мен глоссарийлер құрастыру, мәтіндерді өңдеу алгоритмі, тілдік семантикалық кодын ескер отырып, түрлі тілдік үрдістерді үлгілеу. Компьютерлік лингвистика ерекше ғылыми бағыт ретінде ХХ ғасырдың 60-жылдары пайда болды.