Компьютерлік технология туралы
Компьютерлік технология — компьютерлік өңдеу базасындагы ақпараттық технология.
Негізінде, орыс тіліндегі терминдер негізі шеттен енгендіктен, оның түпнұсқасы — ағылшын тіліне зер салған дұрыс тәрізді. Өйткені сөздің түп негізіне сүйенбегендіктен, ортадағы тілде кеткен қателікгер қазақ тіліне шұбатылып келгені байқалады. Шынымен де қазақ тілінің қазіргі ғылыми-техникалык деңгейіне тән ұғыматауларға көндіге бермейтін тұстар баршылық. Сондықтан да аудару қиындығына қарамастан, біз осы сөздікте компьютер технологиясына қатысты ұғым-атаулар мен сөз орамдарын шыққан төркінінен сатылап қана қазақшалау ісіне, және оның туралығына, нақтылығына баса мән беруимиз керек. Мысалы:
Копировать ету – көшірмесін жасау
Печатьтау – басып шығару
Поискті қолдану – іздеу батырмасын қолдану
Проводникті қолдану – бағыттаушыны қолдану
Документ ашу – құжатты ашу
Новая папка ашу – жаңа қапшық ашу
Ярлыкты жою – таңбашаны жою
Сохранить ету – сақтау
Калькулятормен есептеу – Есептеуішпен есептеу
Назадты басу – кері қайту
Вставитьті басу – кірістіру
Компьютерлік терминдер
Пускты басу – бастау батырмасын басу
Папкаға кіру – қапшыққа кіру
Рабочий столға лақтыру – жұмыс үстеліне жіберу
Свернуть ету – жималау батырмасын басу
Ждущий режимге ауысу – күту режиміне ауысу
Мышканы қолдану – тышқанды қолдану
Мой компьютерге кіру – менің компьютеріме кіру
Корзинаға салу – себетке сал
Отменаны басу – қайтару батырмасын басу
Приложение енгізу – қолданбаны енгізу
Вырезать ету – қиып алу