Компьютерлік технология терминдері, жасалу жолдары, шегі, құ

Компьютерлік технология терминдері, жасалу жолдары, шегі, құрамы мен құрылымы.


Қазақстан Республикасындағы оқу мен тәрбие жүйесін техникаландыру мен автоматтандыру тенденциясының болашақ қарқыны мен қадамдары іздеумен және компьютерлік жүйені оқу-тәрбие үрдісіне енгізумен тығыз байланысты. Қазіргі заманда ақпараттың көптігі мен жету жылдамдығы, осы мәселенің психологиялық ерекшелігі де мектеп қабырғасында, сабақта компьютерлік технологияны меңгерудің маңызы мен қажеттілігін дәлелдейді.
Тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болған кезден бастап, мүмкіндігінше барлық салалар бойынша терминдердің казақша баламаларын қолдану дәстүрге айналды. Осы жақсы дәстүр аясында күнделікті шығып тұратын газет-журнал беттерінде, теледидар, радио хабар-ларында, сондай-ақ, көпшілікке арналған ғылыми еңбектер мен арнаулы сөздіктерде қазақша жаңа терминдер мен атаулар жиі ұшырасатын больш жүр. Олар апта сайын болмаса да, ай сайын көрініс тауып, біртіндеп көбейіп келеді. Дегенмен әлі де тілімізде бұрын тек орысша қолданылып келген көптеген сөздер мен сөз тіркестерін қолдануда ала-құлалықтар көп болуда.
Компьютер сөзі ағылшын тілінің ағылшынша: to compute, ағылшынша: computer сөздерінен шыққан. Бұл сөздер «есептеу», «есептегіш» мағынасында аударылады (ағылшын сөзі, өз кезегінде, латын тілінің латынша: computo — «есептеймін» сөзінен шыққан).
Тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болған кезден бастап, мүмкіндігінше барлық салалар бойынша терминдердің казақша баламаларын қолдану дәстүрге айналды. Осы жақсы дәстүр аясында күнделікті шығып тұратын газет-журнал беттерінде, теледидар, радио хабар-ларында, сондай-ақ, көпшілікке арналған ғылыми еңбектер мен арнаулы сөздіктерде қазақша жаңа терминдер мен атаулар жиі ұшырасатын больш жүр. Олар апта сайын болмаса да, ай сайын көрініс тауып, біртіндеп көбейіп келеді. Дегенмен әлі де тілімізде бұрын тек орысша қолданылып келген көптеген сөздер мен сөз тіркестерін қолдануда ала-құлалықтар көп болуда. Сондықтан да бұл салада біршама жұмыстар атқарылуы қажет-ақ.
Терминология мәселесі қай кезенде де өзінің зәрулігін бәсеңдетпек емес, Қоғаммен бірге жасасып, ондағы болып жатқан өзгерістерге дер кезінде жауап беріп, күрделі ұғымдарға лайықты сөз тауып беріп, үнемі даму, қалыптасу үстінде.






Көпшілік қауым жаңа терминдер мен атаулардың бірін білсе, бірін біле бермейді. Тіпті қай сөз қай үғымның баламасы екенін ажырата алмай жүргендер де жок емес.
ТЕРМИНКОМНЫН МАКСАТЫ - Жаңа терминдердің орысша-қазақша жөне қазақша-орысша аударма сөздігін жасау— тілімізде жаңадан жасалған терминдер мен атауларды халыққа дер кезінде жеткізіп отыру, олардың орысша баламаларын көрсету, сол арқылы жаңа терминдердің өз мағыналарында дұрыс қалыптасуына септігін тигізу.
. Термин атауының мағынасын ашу;
• Терминдерге қойлатын талаптар;
• Компьютерлік терминдердің аударылу ерекшелігене сипаттама беру;
• Компьютерлік терминдерді аударғандағы дәлдігін, мағыналылығын және тілдік нормаға сәйкес келуін қадағалау;
Компьютерлік технология — компьютерлік өңдеу базасындагы ақпараттық технология.
Негізінде, орыс тіліндегі терминдер негізі шеттен енгендіктен, оның түпнұсқасы — ағылшын тіліне зер салған дұрыс тәрізді. Өйткені сөздің түп негізіне сүйенбегендіктен, ортадағы тілде кеткен қателікгер қазақ тіліне шұбатылып келгені байқалады. Шынымен де қазақ тілінің қазіргі ғылыми-техникалык деңгейіне тән ұғыматауларға көндіге бермейтін тұстар баршылық. Сондықтан да аудару қиындығына қарамастан, біз осы сөздікте компьютер технологиясына қатысты ұғым-атаулар мен сөз орамдарын шыққан төркінінен сатылап қана қазақшалау ісіне, және оның туралығына, нақтылығына баса мән беруимиз керек. Мысалы:

Копировать ету – көшірмесін жасау
Печатьтау – басып шығару
Поискті қолдану – іздеу батырмасын қолдану
Проводникті қолдану – бағыттаушыны қолдану
Документ ашу – құжатты ашу
Новая папка ашу – жаңа қапшық ашу
Ярлыкты жою – таңбашаны жою
Сохранить ету – сақтау
Калькулятормен есептеу – Есептеуішпен есептеу
Назадты басу – кері қайту




Вставитьті басу – кірістіру
Компьютерлік терминдер
Пускты басу – бастау батырмасын басу
Папкаға кіру – қапшыққа кіру
Рабочий столға лақтыру – жұмыс үстеліне жіберу
Свернуть ету – жималау батырмасын басу
Ждущий режимге ауысу – күту режиміне ауысу
Мышканы қолдану – тышқанды қолдану
Мой компьютерге кіру – менің компьютеріме кіру
Корзинаға салу – себетке сал
Отменаны басу – қайтару батырмасын басу
Приложение енгізу – қолданбаны енгізу
Вырезать ету – қиып алу
Тышқан атауы (ағылшынша Mouse) M-manually O-operated U-user S-signal E-encoder білдіреді. 1968 жылдың 9 желтоқсанында компьютер тышқаны Калифорниядағы өздiгiнен құрылымдық демонстрациясында таныстырылған. Комплектiсіне тышқан қосылатын бiрiншi компьютер (ағылшынша ) Xerox 8010 Star Information System, 1981 жылы көрсетiлген миникомпьютер болатын. Xerox фирмасының тышқаны үш батырмалы және 400 Ақш долдарынан тұрды. Apple фирмасы 1983 жылы Lisa компьютерi үшiн бiр кнопкалы тышқанның үлгiсiн шығарды.Тышқан – графиктік меңзермен басқарылдатын құрылғы. Екі немесе үш батырмасы бар жазыңқы қорапша тәріздес. Тышқанның жазық беттегі қозғалысы экрандағы тышқан нұсқағышы деп аталатын графиктік объектінің қозғалысымен байланыстырылған. Компьютерді басқару үшін тышқанды жазық бетте жылжытады және оң немесе сол жақ батырмаларын қысқа уақытқа басып отырады. Осылайша басуды шерту деп атайды.Монитор мен тышқан бірігіп қолданушы интерфейсінің жаңа түрі – графиктік интерфейсті құрайды. Тышқанның көмегімен объектілердің қасиеттері өзгертіліп, басқару элементтері әрекетке келтіріледі.
Тілдерді оқыту үрдісіне компьютерлік технологияны ендірудің қазіргі қалпын зерттеу барысында қолданбалы тіл білімінде жаңа бағыттың – компьютерлік лингвистиканың пайда болып, дамуына әкелді. Осы ғылымның пайда болуына қазіргі ақпараттандырудың жаһандану үрдісі, ғылыми және техникалық прогрестің белгілі бір қажеттіліктерінің,



сонымен бірге жасанды интеллекет жүйесін, жасанды тілдер үлгілерін құру қажеттілігінің алғышарттары зор ықпал етті. Алайда бұл міндеттердің барлығын лингвистика теориясынсыз шешу мүмкін емес, өйткені тарихи жүйе ретінде қалыптасқан табиғи тілдер адамдардың өзара қарым-қатынасына қызмет етсе, жасанды тіл де адам-машина, машина-машина, машина-адам қарым-қатынасы үшін жасалған, олардың екеуінің негізі бір, ортақ қызмет атқарады, жұмсалу үлгісі мен құрылымы да бірдей. Лингвистика ғылымынсыз жасанды тілді жетілдіру, сонымен бірге адамның компьютермен табиғи тілде қарым-қатынас жүйесін жасау, күрделі адам-машина кешені қызметінің тиімділігін арттыру мүмкін емес. Өз кезегінде машиналық әдіспен өңдеу, жинау, сақтау, іздеу, жіктеу, табиғи тілдерді талдауға көшу кезінде классикалық лингвистика өзінің алдағы дамуына үлкен қарқын алды.Компьютерлік лингвистиканың зерттеу мақсаты – ЭЕМ-да қарым-қатынас жасау үшін жасанды тілдердің құрылуымен байланысты компьютерлік технологияның лингвистикалық мәселелелерін шешу, бағдарламаларды лингвистикалық құралдармен қамту, мәліметтер жиынтығын құру, түрлі сөздіктер мен глоссарийлер құрастыру, мәтіндерді өңдеу алгоритмі, тілдік семантикалық кодын ескер отырып, түрлі тілдік үрдістерді үлгілеу. Компьютерлік лингвистика ерекше ғылыми бағыт ретінде ХХ ғасырдың 60-жылдары пайда болды.


Пайдаланған әдебиет:
1. Городецкий Б.Ю. Компьютерная лингвистика: моделирование языкового общения. – Новое в зарубежной лингвистике. Вып. XXIV, Компьютерная лингвистика. М., 1989.
2. Бовтенко М.Р. Компьютерная лингводидактика. – М.: Флинта, 2005, 216 с.
3. Жұбанов А.Қ. Компьютерлік лингвистикаға кіріспе: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2007. – 204 бет.